Жаңалықтар
Түркиядағы жол апаты: қаза тапқан атыраулық журналистің күйеуі көз жұмды
Түркияда жол апатынан қаза тапқан атыраулық журналисттің күйеуі жансақтау бөлімінде көз жұмды.
Анталья қаласындағы ірі жол-көлік оқиғасынан белгілі журналист, «Зейін Атырау» ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болған еді. Оның ауруханада ес-түссіз ауыр жағдайда жатқан жұбайы да өмірмен қоштасты.
Айта кетейік, жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алды. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі – Қазақстан азаматтары.