Тозығы жеткен электрмен қамту жүйелері жаңадан жасалады
Atr.kz/20-ақпан. 2019 жылы Махамбет ауданының Махамбет селосындағы Сарытоғай, Самал, Жасыл белдеу, Наркескен ықшамаудандарын және Исатай ауданының Ерғалиев, Жанбай, Тұщықұдық, Зинеден ауылдарын электрмен жабдықтау жұмыстары басталады.
Кернеуі110 кВ, ұзындығы 205 шақырым «Ганюшкино-Асан» әуе желісін жүргізу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленуде.
Бұл жөнінде бүгін облыс Нұрлан Ноғаевтыңхалық алдында есеп беруі кезінде мәлім болды.
Қазақстан темір жолы ҰҚ» АҚ-ның балансындағы ЭЧ-4 мекемесіне қарасты электрмен қамту желілерінің тозығы жетуіне байланыстыАтырау облысы әкімдігімен 11 елді мекендеэлектрмен қамту жүйелерін салу үшін жобалау-сметалық құжаттама әзірленді. Құжаттар кешенді сараптамадан өту үшін дайындауда,- деп атап өттіоблыс әкімі.
Баламалы энергия көздерін дамыту мақсатында 2018-2019 жылдардағы жылу беру маусымына 8,4 млрд.теңге қаржы бөлінді. «Жалпы, жылу беру маусымында бір апатты жағдай орын алды. Биыл 19 қаңтарда жылу электр стансасындағы апаттың салдарынан қаладағы көп қабатты тұрғын үйлержарты тәулікке жуық уақыт жылусыз қалған болатын. Бұл жерге өзім барып, жедел штаб құрылып, жұмыс жасадық. Нәтижесінде, мәселе қалпына келтіріліп, сол күні тұрғындарға жылу берілді»,- деді Нұрлан Асқарұлы.
Айбөпе САБЫРОВА.