Жарнама
Жаңалықтар

Төрт тәулікте 58 есе көбейді

Бұл Ресейдегі Ириклинский су қоймасына соңғы төрт тәулікте құйылған судың көлемі.

Ашық дереккөздердегі мәліметке сүйенсек, 26-30 наурыз аралығында су деңгейі 12-ден 700 текше метрге дейін ұлғайған. Тарқатып айтсақ, алғашқы күні мұнда келген судың көлемі секундына 12 текше метрге тұрақтаса, келесі күні — 85, одан кейінгі екі күнде 600-700 текше метрге дейін көтерілген. Соған сәйкес, су қоймасындағы судың деңгейі осынша жоғары болып тұр.

Ал Балтық жүйесімен есептегенде келген судың көтерілу деңгейі қалыпты нормадан аспаған.
Мамандардың мәліметінше, келетін судың орташа тәуліктік өсімі 90 текше метрге тұрақтады.

Дәулетқали АРУЕВ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button