Атыраулықтарда – үш медаль

15622309 358198217878782 4626634870232023258 n Жаңалықтар

Ресейдің Нижневарторск қаласында дәстүрге айналған қаласында мұнайлы елдер арасындағы әлем кубогы мәресiне жетті. XIV рет ұйымдастырылған Социалистік Еңбек Ері Фарман Салмановты еске алуға арналған турниге әлемнің 13 елінен 148-дан астам былғары қолғап шеберлері сынға түсті.

15622309_358198217878782_4626634870232023258_n

Мұнайлы елдер арасындағы халықаралық додада жыл сайын Атырау облысың спортшылары ел намысын қорғап жүр. Биылғы жылғы бокс бәсекесінде спортшыларымыз 1 күміс және 2 қола медаль еншіледі. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздарға халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағы беріліп, жүлдегерлерге ақшалай сыйақы табыс етілді.

p1510658-1024x768

52 келі салмақ дәрежесінде Рашид Салауатов финалға дейін жетіп, күміс жүлдегер атанды. 75 келіде сынға түскен Амандық Манашев болса қола жүлдегер.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Назым Ищанова қола жүлдегер атанды.

s7q7rhsvrec

Естеріңізге сала кетейік, былтыр  Ханты-Мансийск қаласында өткен сайыста 60кг салмақта Астаналық Дархан Жұмсақбаев пен 69 келіде Атыраулық Азамат Досмағамбетов күміс жүлдегер атанған болатын.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз