Жарнама
ЖаңалықтарСпорт

Токио 2020: атыраулық дюдошы Әнуар Сариев күміс медальді жеңіп алды

Әнуардың жеңісі — Паралимпиада тарихында тұңғыш рет қазақстандық спортшылар арасында дзюдадан қол жеткен алтынға бергісіз медаль болып отыр.

Жерлесіміз, парадзюдошы Әнуар Сариев Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Атырау облысы өңірлік коммуникациялар қызметі. ​

Ақтық сында 60 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық спортшы Ануар Сариев әзірбайжандық Вугар Ширинлиден жеңіліп қалды. Жартылай финалда Ануар Сариев Венесуэла өкілі Маркос Бланкомен күресіп, иппон тәсілімен таза жеңіске жеткен болатын.​

Айта кетейік, Әнуар Сариев 1992 жылы Атырау қаласында дүниеге келген. Ол – паралимпиадалық дзюдодан Қазақстан Республикасы құрамасының мүшесі. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің Дене шынықтыру факультетін бітірген. Көлік апатынан кейін көру қабілеті нашарлаған.

Ерік-жігері мұқалмаған Әнуар өзін спорт саласынан тапты.

60 келі салмақ дәрежесінде B3 класында нашар көретіндер арасында өнер көрсетеді.

Ләззат Сәлімова

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button