Атырауда қаңтар оқиғасы бойынша 28 қылмыс тергелуде

photo 366960 Жаңалықтар

«Бұл туралы онлайн брифингте Атырау облысы прокурорының орынбасары Абзал Гилим мәлімдеді» деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.


«Арнайы прокурорлардың басшылығымен ведомствоаралық жедел-тергеу топтары 28 қылмыстық іс тергеп-тексеруде. Оның ішінде,  2 іс терроризм актілері бойынша, 10 іс жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және қатысу бойынша, 1 іс билікті басып алуға шақыру бойынша, 2 іс полицияға қарсы күш қолдану бойынша; 1 іс қаруды ұрлау бойынша тергелуде.

Жаппай тәртіпсіздіктер жазылған бейнежазбалардың барлығы зерделенді. Зардап шеккендер мен куәлардан жауаптар алынды.

Қазіргі таңда 25 адамға қатысты сот санкциясымен бұлтартпау шарасы ретінде қамақ қолданылды.
Біреуі үйқамақта» деп атап өтті спикер Абзал Гилим.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз