Жарнама
Жаңалықтар

«Болашақтың» іргетасы құйылды

Құлсары қаласындағы «Болашақ» шағынауданында су басқан үйлердің тұрғындары үшін салынатын 100 үйдің 48-інің іргетасы құйыла бастады. Облыстық құрылыс басқармасының бас маманы Ернар Қадырбайдың  айтуынша, 80 үй «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының қаражаты есебінен, 20-сы жергілікті бюджеттің есебінен салынады.

– Бүгінде бетон төсеу жұмыстарымен қатар іргетас, монолит құйылып жатыр. Мұнан соң тас қалау жұмыстары жүргізіледі. Ол үшін жергілікті жерде қажетті инертті материалдар мен құрылыс материалдары жеткілікті. «Қазақстан халқына» қорының талаптарына сәйкес, мердігер мекемелер жергілікті жерден болуы керектігі айтылған. Құрылыс алаңында экскаватор, автотиегіш, автоаударғыш, автокран секілді техникалар жеткілікті, — деді Ернар Анарбекұлы. 

Тұрғын үйдің жалпы көлемі 100 шаршы метрді құрайды. Жоба бойынша үй 5 бөлмеден тұрады. Оның ішінде ас бөлмесі, екі жатын, қонақ бөлмелері мен санитарлық торап бөлмесі қарастырылған. 

Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, Жылыой ауданындағы төтенше жағдайға байланысты құрылыс жұмыстарына жұмыс күшін тарту бойынша лимит саны көбейтілген. Құрылыс жұмыстарын «Орлан», «Армандастар-Атырау», «Қазкомсервис» ЖШС-тері жүргізіп жатыр.

Алмас ҚАБДОЛОВ

Жылыой ауданы

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button