Атырауда 146 шетелдік көлік иесі мемлекеттік нөмір алды

62e0fa1c94345429240257 Жаңалықтар

Атырау қаласындағы Халыққа қызмет көрсету орталықтарында шетелдік көліктерді заңдастыру бойынша қызмет көрсету жалғасуда.

Жұмыс аптасы басталғаннан мұнда шетелдік көлігі бар азаматтар электронды талон арқылы кезек алып құжаттарын тапсырып бастаған еді. 6 күн ішінде атыраулық 146 шетелдік көлік иелері темір тұлпарларына мемлекеттік нөмір алды. Оның ішінде – 71-і Ресейден, 71-і Армениядан келіп сары түсті белгі алған және 4-уі Армения елінен әкелінген автокөліктер.

Мамандардың айтуынша, тіркеуге өтініш берген шетелдік көлік иелерінің басым бөлігіне келісім берілген, алайда заңдастырудың соңғы кезеңдерінде сұралған құжаттарының болмауына байланысты әзірге құжаттары толық болмай мемлекеттік нөмір алу мүмкіндігі болмай тұр.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз