Жарнама
Жаңалықтар

Тіршілікті түлеткен әз-Наурыз тойланды

Тарихи тамыры тереңге бойлаған әз-Наурыз – іргесі сөгілмеген бірліктің, ырысы төгілмес тірліктің белгісі. Жаңа жылдың бастауы, жақсылықтың арқауына айналған дәстүрлі мейрам «Жұмысшы мамандықтар жылы» және ҚР Кәсіподақтарының 120 жылдығы аясында қаладағы теміржол бөлімшесі алаңында ерекше тойланды. Қазақстан темір жолы филиалдары ұжымы бөлек-бөлек киіз үй тігіп, қазан көтеріп, жиналғандарға ұлттық тағамнан дәм татқызды. Жастар алтыбақан теуіп, атқа мініп көңілді серуен құрды.

8dd11c48 10b5 4c72 b8e7 5ac73392704a

​Етегі жер сызған сәнді ұлттық киімдерімен көз тартар арулар мың бұрала би билеп, концерттік бағдарламаның шымылдығын түріп, көрермендерге шашу шашты. Құттықтау сөз алған Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы – Атырау бөлімшесі филиалының директоры Асылан Базарғалиев және Атырау магистральды желі бөлімшесі филиалының директоры Аралбай Қосымбаев көктің тынысын тыңдап, жердің тамырын басқан, тұрмыс-тіршілігін табиғат-анамен тығыз байланыстырған халқымызға әз-Наурыз құт-береке, ынтымақ пен сәттілік алып келуін тіледі. Сондай-ақ, құрметті теміржолшы Кенже Айтбаев ақ батасын жаудырып, аға буынды ардақтай білген ұйымдастырушыларға ардагерлер атынан алғыс білдірді. 

1304e6bf 7d0d 45c4 bc8b 973b02a27225

​Күмбірлеген күй төгіліп, әсерлі ән шырқалып, қазақтың ұмыт бола бастаған салт-дәстүрлері кеңінен насихатталды. Ауқымды шараға куә болған меймандар бабаларымыздан қалған асыл қазына – ұлттық ойындарға атсалысып, мәре-сәре болды.

Еркеназ ҚАЛИЖАН

Суреттерді түсірген автор

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button