Шөл далада шейіт кеткендер

Нигерия билігі Сахарада аптап ыстықта шөлден өлген 90-ға тарта адамның өлі денесі (мәйіті) табылғандығын мәлімдеді.

Бұлар негізінен шөл даланы автокөлікпен кесіп өткісі келген заңсыз мигранттар (көшіп-қонушылар) көрінеді. Жорықтың түпкі мақсаты ( Алжир ме, әлде Еуропа ма) да әзірге беймәлім күйінде қалып, құрбан болғандардың басым көпшілігі әйелдер мен балалар екендігі ғана анықталды. Агадес қаласы әкімшілігінің мәліметтеріне қарағанда, мигранттар мінген екі автокөлік теріскейдегі Арлит шаһарынан шығып, Сахара шөлінің қақ ортасы саналатын Алжирдің Таманрассет қаласын бетке алған, деген дерек мәлім болып отыр. Көліктері істен шығып, әрі қарай жүруге жарамай қалғаннан кейін барып қана жолаушылар бірнеше шағын топқа бөлініп, көмек пен машинаға керекті босалқы бөлшектерді іздеуге аттанды. Солардың ішінен межелі жерге алдымен жеткендерінен алғаш хабар алып, жағдайдан құлағдар болған әскер жасақтары келіп жеткенше , бәрі де кеш болып кетті.   

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз