Ырыққа көнбеген баға, тәттіге телмірген бала…

2021 03 04 crop 7 10 511x788 b7551f92 edb4 4b58 b30f 73a5ebeb56ef Жаңалықтар

Үйдегі көңілді базардағы баға бұзатындай, азықтүліктің құны күн сайын құбылып жатыр.

Жерік асы – қойдың басы

Қажетін іздеген халық бұрынғыша «Дина» базарын жағалайды. Кешегі демалыс күндері біз де соған көзімізді жеткізейік дедік. Базардың ескі жəне жаңа ғимараттарындағы бутиктерде киім-кешектің неше түрі бар. Əркім өз қажетін қарап, киіп көріп жатыр. Біреуге 10- 15 мың теңге тұратын шыт көйлектер арзан көрінсе, екіншілеріне ол аспандаған ақша. Ал базардың сыртындағы ашық саудада бұдан бірнеше есеге арзан киім табуға болады. Əрине мұнда оның сапасы, түр-түсі өзгеше. Мəселен, бірер жуғаннан кейін бояуы мен пішіні өзгеріп кететін мақта матадан тігілген футболкаларды – 800- 1000, кофталарды – 2000-3000, трико-шалбарларды – 3000-4000, халаттарды – 2000- 3000, жаздық сүйретпелерді – 1 000-1500, əйел сөмкелерін – 5000-6000, күннен қорғайтын көзілдіріктерді 1500- 2000 теңге аралығында табуға болады. Осы базардың сөрелерінде ет өнімінің де түр-түрі тұр. Жаңа сойылған еттің бағасы қашаннан жоғары болса, тұрып қалғаны сəл арзандау. Қазының 1 кг – 3000, сиыр еті – 1800-2500, тартылған ет – 1500-2000, ал қойдың үйітілген басы 1200 теңгеден.

– Бұрын осы басты 400-500 теңгеден алушы едік. Қазіргі бағасын қараңыз. Келінім жерік болғасын саудалап жатқаным, 1000 теңгеге бермеді. Ақыры сол сұраған бағасына алдым, – дейді орта жастағы ақжаулықты ана. Болгар бұрышы неге қымбат? Көтерме сауданы, оның ішінде, күнделікті тұтынатын тағамдардың бағасын білмек болып базардың артқы жағына жол тарттық. «Оптовиктер» деп аталатын сауда орындарына келушілер айтарлықтай көп емес екен. Əркім өз керегін алып шығып жатыр. Мұнда: ұн (25 кг) – 4850, күріш (25 кг) – 7000, құмшекер (25 кг) – 7500, түтік кеспе (рожки) (5 кг) – 1250-1400, жұмыртқа көлеміне қарай 36- 45 теңгеден. Қазір түрлі көкөністен салат жасайтын кез. Бірақ соған қарамастан, олардың базардағы бағасы əлі арзандай қоймаған. Мəселен сəбіз – 300, картоп – 220-250, пияз – 200, қырыққабат – 150, алма, қияр мен қызанақ – 500, ал болгар бұрышы 1500 теңгеден! Соңғысының бағасы тым қымбат, оның себебін сұрап көргенбіз, сатушы əйел: – Ол – «привозной», сосын қымбат. Біздікілер піскен жоқ, – деді. Базардан шығып келе жатып: «Кеуегі жоқ көкке де 1500 теңге сұрап тұр. Оның қасында қойдың басы жұғымды ас-ау…» деп ойладық біз. Қызыл бəтеңке Сауда-саттықтың айналасында ойламаған, күтпеген оқиғалар орын алып жатады. Ашық аспан астында балалар аяқ киімін сатып тұрған əйелге қасына бала ерткен келіншек келіп, дауыс көтеріп жатты. Байқасақ, баласына кеше алып кеткен аяқ киімі екі түрлі өлшем болып шығыпты. Осы көрініс есімізге мына бір оқиғаны түсіріп жіберді… Бəріміз де бала күнімізде атаанамызбен бірге базарға шығып, өзімізге қажетті оны-мұны алып бергендеріне мəз боламыз. Əлі есімде, мектепке баратын жылы əкеммен бірге «Колхоз» базарына бардық. Қаладағы жалғыз базар болғасын ба, қашан да ығыжығы адамнан аяқ алып жүргісіз.

Əкем мені «Детский мир» деген жазуы бар дəу дүкенге кіргізіп: «Өзіңе күзде киетін бəтеңке қарай ғой. Қайсысы ұнайды – соны əперем!» дегені. Біраз таңдағаннан кейін мен «қызыл түсті бəтеңкені аламын» дедім. Алдық. Үйге келіп, қорапты ашып қарасақ, бəтеңкенің түсі екі түрлі: бірі ашық қызыл да, екіншісі қою қызыл. Ал, киіп көр! Мен жылап жатырмын, «мектепке қалай киемін, балалар мазақтайды ғой» деп. Сонда əкем марқұм: – Жылама, қызым, қазір ауыстырып алып келемін! – деп кері шығып кетіп еді… Құлпынай да, сары өрік те өсіп тұр! Көпшілік жеміс-жидек пен көкөністердің адам ағзасына пайдалы екенін бұрыннан біледі. Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының директоры Алуа Сыралиева да əлемдік ғалымдардың дəлелдеп, айтып жүрген уəжіне құлақ асуға шақырады. Айталық егер адам майлы, тұзды, қанты көп тəтті тағамдардан бас тартып, барынша жеміс-жидек пен көкөністерді жиі қабылдаса, онда оның ағзасы қартаймай, жасара, жаңара түседі. Оның үстіне өмір жасын ұзартады. – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы кем дегенде тəулігіне бес мəрте (400 грамм шамасында) көкөніс пен жемістерді тұтынуға кеңес береді. Десек те, осынау кеңестерді пайдалануға барша адамның мүмкіндігі жете бермейді. Өйткені, базардағы жеміс-жидек пен көкөністер бағасы əлі арзандай қоймаған, – дейді Алуа Сыралиева.

А й т қ а н д а й , « Н а с и х а » базарындағы құлпынайдың 1 кг 3 000-4 000 теңге тұрса, сары өріктің (абрикос) 1 кг күні кеше ғана 3 000 теңгеден 2 000 теңгеге түсті. Сиыр етінің бағасынан да асып тұрған оны күнбе-күн қай ата-ана балаларына алып бере алар?! Айту қиын…

Лиза СЕЙТІМОВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз