Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлері Атырауда алма өсіргісі келеді

WhatsApp Image 2018 01 23 at 14.46.36 e1516705461811 Жаңалықтар

Оңтүстіктен әкелінген жемістер Атыраудағы «Сарайшық» коммуналдық базарында арзан бағамен сатылуда,-деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі.

WhatsApp Image 2018-01-23 at 14.46.36

Оңтүстік Қазақстан облысынан жеткізілген алмалардың алғашқы топтамасы 20 қаңтарда «Сарайшық» базарында саудаға шығарылған. Жеткізушілер қалалық әкімдікпен келісім-шартқа отырып, жемістерге нарық құнынан төмен баға бекіткен.

«DALA-FRUIT» компаниясының басшылығы тұрғындардың отандық ауыл шаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы мен қызығушылығын арттыру мақсатында қалалық әкімдікке өтініш білдірді. Қазір Атырауға  бірінші сұрыпты алманың үш түрі әкелінді, олар базар нарығынан 15-20 пайызға арзанға сатылады»,-дейді қалалық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Руслан Дәулетов.

WhatsApp Image 2018-01-23 at 14.46.35

Компания мұнайлы өңірге 18 тонна алма әкелген. Коммуналдық базарда оңтүстіктен келген алмалардың бір келісі 230 теңгеден сатылуда. Тұрғындардың өнімге деген сұранысының жоғарылығы соншалық, жарты күннің ішінде бір тоннаға жуық алма өткізілген.

Егер өнімнің сапасы мен бағасы тұрғындардың көңілінен шықса Атырауда алғашқы алма бағы болуы әбден мүмкін. Осы орайда, компания өкілдері алманы Атырауда да өсіруге ниетті екенін жеткізді.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз