Жарнама
Жаңалықтар

Тегерандағы апат: Ұшақ бортында 7 елдің азаматтары болған

Atr.kz/8 қаңтар, 2020 жыл.   Тегеранда апатқа ұшыраған Украина ұшағында мерт болғандардың басым бөлігі – Иран және Канада азаматтары.

 Бұл туралы Украина сыртқы істер министрі Вадим Пристайко Twitter-де жазды.

«Қазір PS752 апатында қаза тапқандардың қай елдің азаматы екендігі жайлы мынадай ақпарат бар: Иран – 82; Канада – 63; Украина – 2 + 9 (экипаж); Швеция – 10; Ауғанстан – 4; ГФР – 3; Ұлыбритания – 3», – деп жазды Украина СІМ басшысы Пристайко.

Ол әуе апатында адамдардың қаза болуына байланысты көңіл айтып, Украина билігі тергеу жүргізіп жатқанын атап өтті.

Агенттіктің хабарлауынша, сәрсенбі, 8 қаңтарда Тегеран уақытымен 6:00-де Имам Хомейни атындағы әуежайдан Тегеран-Киев бағытымен ұшып шыққан «Украина халықаралық әуе желілері» әуе компаниясының Boeing-737 ұшағы апатқа ұшырады.

Оның бортында 177 адам болған: 168 жолаушы және 9 экипаж мүшесі. Барлығы мерт болды.

http://atr.kz/bez-rubriki/ukraina-%D2%B1sha%D2%93ynda%D2%93y-zholaushylardy%D2%A3-b%D3%99ri-mert-boldy/

Украина Президенті Владимир Зеленский қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

http://atr.kz/bez-rubriki/iranda-180-zholaushysy-bar-ukraina-%D2%B1sha%D2%93y-%D2%9B%D2%B1lady/

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button