Атырау облысында жол апатынан екі адам қаза тапты

screenshot 1 5 Жаңалықтар

Жол апаты 18 наурыз күні облыстық маңыздағы Индер – Қарабау – Миялы – Сағыз жолының 83-шақырымы тұсында болған.

Атырау облысы полиция департаменті хабарлауынша,  60 жастағы жүргізуші тізгіндеген УАЗ және 22 жастағы жүргізуші басқарған Toyota Ipsum көліктері соқтығысқан.

Оқиға орнында УАЗ автокөлігінің жүргізушісі және Toyota Ipsum автокөлігінің 1962 жылғы жолаушысы қаза болды. Тағы бір жолаушы Индер аудандық ауруханасына түрлі дене жарақаттарымен жатқызылды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз