Атырауда ерекше жандарға арналған мерекелік шара өтті

IMG 2215 19 12 18 09 47 Жаңалықтар

Атырауда Тәуелсіздік күні мерекесі аясында ерекше жандарға арналған шара өтті.

IMG_2215-19-12-18-09-47

Оған 30-ға жуық адам қатысты.

Аталған шара облыстық Мүгедектерді сауықтыру орталығында Атырау медицина колледжі студенттерінің қатысуымен ұйымдастырылған.

«Басты мақсаты – 1986 жылдың желтоқсанында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерең еңбектерін, ерліктерін ұмыт қалдырмау. Халықтың туған жеріне деген махаббатын оятып, патриоттық сезімге тәрбиелеу» дейді ұйымдастырушылар.

Шара барысында жастар би билеп, ән шырқап, күй тартты. Сонымен қатар, Тәуелсіздік мерекесі қарсаңында ерекше жандарға арналған «Өмір, қымбатсың сен маған» тақырыбында психологтың қатысуымен тренинг өткізілді. Өмір жайлы әңгімелесу әдісі жүргізіліп, жағдаятты талдау жұмыстары таныстырылып, бейнебаян көрсетілді.

Айқара Ғұмар

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз