Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыЭкономика

Теңізде ашылатын асфальт-бетон зауыты сағатына 50 тонна өнім береді

Елбасы өзінің кезекті халыққа Жолдауында елдің ішкі жалпы өніміндегі шағын және орта бизнестің үлесі 2050 жылға қарай кем дегенде 50% болуын қамтамасыз етуді тапсырды. Осы мақсатты жүзеге асыру үшін өңірімізде кәсіпкерлікті қолдау бағдарламаларын жүзеге асыру қажеттігін де айтқан болатын.

асфалт зауыт

Аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімінің басшысы Қанат Мыңбаевтың берген мәліметіне сүйенсек ауданымызда биыл Теңіз кенішінде «Өмірзақ Сервис» ЖШС-ның асфальт-бетон шығару зауыты жобасы жүзеге асуда. Аталған  жоба құны –  515,7 млн.теңге.  Жобалық қуаты – сағатына 100 тонна асфальт, сонымен қатар сағатына 50 тонна бетон өндіру. Кәсіпорын 2017 жылы «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасы аясында несиелердің пайыздық ставкасын субсидиялау үшін екінші деңгейлі «АТФ» Банктен 465,0 млн.теңге несие алды. Мекеме мамандарынан алған соңғы мәлімет бойынша қазіргі таңда бетон шығару зауытының құрал-жабдықтары әкелініп, монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен. Сондай ақ асфальт шығару зауытының құрал-жабдықтары әкелініп, монтаж жұмыстары аяқталуда.  Жобаны іске қосу мақсатында 50 адам жұмысқа алынған.

Қайрат ДҮЙСЕНБЕТОВ.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button