17 наурыз – «Тарихқа тағзым күні»

img8 Мәдениет

Елге қызмет етудің озық үлгісін көрсеткен, Азаттық жолында құрбан болған Алаш қайраткерлерінің есімін ұлықтау ұрпақ үшін маңызды. Дегенмен, Алаш ұстанымын насихаттаушы кейбір тұлғалардың ерліктері әлі күнге ескерілмей қалып жатыр.

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінің профессоры Аққали Ахмет тарихтағы ақтаңдақтар туралы тың деректер барын айтады. Оны 17 наурыз – «Тарихқа тағзым күніне» орайластырып, оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік.

– Шынайы тарихи бағасы берілуі, тың деректердің негізінде қайта объективті зерттеуді талап ететін тақырып Алашорда үкіметі мен Алаш партиясының қоғамдық-саяси қызметі, сол тұстағы қазақ қоғам қайраткерлерінің қызметі мен қайғылы тағдырлары дер едік. Архивтердегі шаң басқан материалдарды, құпия қорлардағы құжаттарды қайта ой елегінен өткізіп, саралау жұмыстарын жүргізу алдағы уақыттың еншісінде. Бұл бағыттағы қарекетіміз əлі кемшін. Оның дəлелі – Алашорда қайраткерлерін күштік құрылымдар тарапынан жүргізілген тергеу-тексеру туралы тың деректер құпия қорларда сақталуда, – дейді Аққали Қабижанұлы.

Расында, Алаш Орда мүшелерінің саяси-қоғамдық, əлеуметтікэкономикалық бағыттағы қызметтерін зерттеу тарихшыларға жауапкершілік жүктейді. Алдағы уақытта республика өңірлерінде тың деректер мен шаң басқан архив қорларын ақтаратын ғылыми орталық құрылуы əбден мүмкін. Сондай-ақ, алаштықтардың ұлт үшін жасаған өнегелі істерін кеңінен жариялау, жас ұрпаққа үлгі ету, патриоттық тəрбиенің туы ету – бүгінгі идеологиялық жұмыстардың өзегі болуы керек. «Алаш» десе, көпшілікке тек Алашорда үкіметінің көсемдері Əлихан Бөкейханов, Халел Досмұхамедов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов секілді тұлғалардың есімдері ғана белгілі. Шын мəнінде, Тəуелсіздік жолында тынымсыз еңбек еткендердің қатары көп. Бүгінгі күні кезінде əр облыста қызмет еткен алаштық азаматтардың тізімі жасақталып жатыр.

–1938 жылы елде əкімшілдікəміршілдік жүйе билік құрған кезеңде тиісті органдардың тапсырмасымен жинақталған тізімде облыс көлемінде елу шақты алашордашы азаматтар қызмет атқарғаны белгілі болған. О л а р д ы ң а р а с ы н д а Қ ұ с а й ы н Мүниянов, Құлман Ғалиев, Нияз Меңдіқұлов, Алпан Кенжеалиев, Д ү й с е н ғ а л и Ж о л а м а н о в , Т і л е п Медетов, Мұхамеджан Шонбасов, Ғ а б д о л л а Қ о ж а р о в , Ө м і р з а қ Е р м у р з и н , Б а й т а у Н ұ ғ ы м а н о в , Қадырбай Есмағамбетов, Сұлтан Рсалиев, Лұқпан Нұғыманов жəне басқа да бұрын айтылмаған есімдер бар, – деді өз сөзінде А.Ахмет.

Б е л г і л і ғ а л ы м – з е р т т е у ш і н і ң айтуынша, жоғарыда аталған Батыс Алашорда үкіметінде қызмет атқарған тұлғалар кейін ату жазасына кесілген, тірі қалғандары қуғын-сүргінге түсіп, елден қуылған. Ұлт үшін құрбан болған Алашорда қайраткерлерін ақтау жұмыстары 1956 жылдан бастау алады. Өкінішке қарай, көптеген Алаш ардақтылары толық ақталмай отыр. Сондықтан, Астрахан, Орынбор, Мəскеу, Санкт-Петербург, Омбы, Саратов, Уфа, Ташкент қалаларының архивтерімен бірлесіп, үлкен жұмыстар атқару міндеті тұр. Тəуелсіздік тарихында Алаш атын аспандатқан арыстардың еңбектері орасан. Ол тыңғылықты зерттеуді қажет етеді. Сонда ғана тарихтың жаңа беті ашылып, жазықсыз жазаланған арыстардың есімдері ортамызға қайта оралады. Олардың келер ұрпаққа қиыннан қиып жол салып, еркіндіктің отын өшпестей етіп тұтатып кеткені бөлек əңгіме. Ал, бастысы, осындай тұлғалар халықтың ұлық мерекесі Наурызбен қайта қауышуға себепші болғаны анық.

Майра ОРАЗҒАЛИЕВА

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз