ЖаңалықтарҚоғам
Теңге бағамы әлсіреді
Теңгенің 1 АҚШ долларына қатысты орташа бағамы Қазақстан қор биржасындағы (KASE) дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 333,11 теңгені құрады,-деп хабарлайды ҚазАқпарат.
22 желтоқсан күнгі сауда-саттықтың таңғы сессиясында 1 доллардың бағамы 332,83 теңге, күндізгі сессияда 332,52 теңге болған еді.
Бүгінгі таңғы сауда-саттықтың алғашқы мәмілесі 332,80 теңгемен басталды. Таңғы сессияның ең төменгі бағамы да осы болды. Ең жоғары баға 333,25 теңгені құрады. Сауда көлемі 30,5 миллион долларға жетті.
Айқара Ғұмар
Фото tengrinews.kz сайтынан алынған