Жарнама
Жаңалықтар

Тәуелсіздік күні дүние есігін ашқан атыраулық сәбилерге Президенттің сыйлығы табысталды

16 желтоқсан күні Атырауда дүниеге келген 84 нәрестеге «Сүйінші» сыйқораптары үлестірілді – деп, хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі

Сыйқораптарды «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ АО филалы мен «Қазпошта» қызметкерлері бірлесіп таратты

Ұлық мерекенің 30 жылдығына арналған «Baby»-бокстарда сәбиге қажетті құрал – жабдықтармен қатар, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хаты мен мерейтойлық монета және баланың туу туралы куәлігі бар.

«Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ АО филалының мәліметінше, мереке күні дүниеге сәби әкелген 84 ананың екеуі егіз босанған. Солардың бірі Әйгерім Мұхамбетжанова.

Жас ана 16 желтоқсан күні Сұлтан және Сулейман есімді екі ұлын дүниеге әкеліп, көпбалалы ана атанды

  • Мереке күні босанамын деп мүлдем ойламадым. Бұл біздің отбасы үшін естен кетпес күн болды. Оның үстіне, Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлының өзінен алғыс хат алып, түрлі сыйлықтарға кенеліп жатырмыз және осы сыйлықтарды жеткізіп, қуанышымызға ортақтасып келіп жатқан жергілікті басшыларға алғысым шексіз – деді, егіздердің анасы Әйгерім Мұхамбетжанова.

Мереке күні дүниеге есігін ашқан Сұлтан мен Сулейманға «Азаматтарға арналған үкімет» КеАҚ АО филалы «Сүйінші» сықорабынан бөлек, қос нәрестеге арналған арба мен тәттілер тарту етті.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button