42500 теңге нақты қашанға дейін берілетіні айтылды

orrpopropopopop Жаңалықтар

Atr.kz/20 тамыз, 2020 жыл. Карантинге байланысты табысынан айырылуына орай 2,3 миллионнан астам қазақстандық 42 500 теңгеден алды.

Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 20 тамыз сағат 09.00-дегі жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) біржолғы төлем алу үшін азаматтардан 2 млн 579 мыңнан астам өтініш түскен. Төлемді 2 млн 367,1 мың қазақстандық алды, оның ішінде 2 млн 357,9 мың адам тамыз айында карантиннің ұзартылуына байланысты 21 250 мың теңге мөлшерінде қосымша ақы алды.

Өтініш қабылдау 2020 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жалғасады.

МӘСҚ-тан төлем алуға өтінімдер бірнеше жолмен қабылданып жатыр. Мәселен, 2 млн 579 мыңнан астам өтінімнің ішінде:

– 834,7 мың адам проактивті форматта төлем тағайындауға келісім берген;

– 674,5 мың адам Egov.kz порталы және telegram-боттар арқылы;

– 406,9 мың адам 42500.enbek.kz порталы арқылы;

– 662,7 мың адам екінші деңгейдегі банктердің мобильдік қосымшалары мен интернет-ресурстары арқылы;

– 0,4 мың адам штабтар арқылы өтініш берген.

  • Азаматтардың санаттары бөлінісінде:

– 834,7 мың өтініш бірыңғай жиынтық төлем төлеушілерден келген (проактивті форматта);

– 259,5 мың өтінішті жалдамалы қызметкерлері үшін жұмыс берушілер берген;

– 1 млн 485,1 мың өтініш азаматтардың басқа санаттарынан келіп түсті (жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын адамдар, азаматтық-құқықтық сипаттағы шарттар бойынша табыс алатын жеке тұлғалар).

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз