Атырау-Астрахан тасжолын жөндеу мәселесі қалай шешілуде?

img 20200429 wa0009 Жаңалықтар

Аtr.kz/5 маусым, 2020 жыл. Бүгінгі күні өңірімізде жағдайы сын көтермейтін күре жолдар аз емес. Соның бірі – Аты­рау-Астрахан тас жолы. Тозығы жет­кен ой-шұқырлы бұл жолды жөндеу мәселесі мемлекеттік деңгейде қолға алына бастады. Қырық жылға жуық уақыт жөндеу көрмеген бұл жолда қазіргі күні жаңғырту жұмыстары қызу жүруде.

 «Нұрлы жол» бағдарламасы арқылы жүзеге аса бастаған бұл ауқымды жұмыстар негізінен алты бөліктен тұрып, жоспар бойынша 2022 жылы толық пайдалануға беріледі деп күтілуде. Жоспарға сәйкес, 2019-2020 жылдары ұзындығы 277 шақырымды құрайтын Атырау-Астрахан учаскесінің тек 60 шақырымы ғана пайдалануға беріледі. Ұзын жолдың осы бөлігін қайта жаңғыртуға республикалық бюджеттен 23 млрд. теңге қаражат бөлінді.

«Қазавтожол» ҰК» АҚ облыстық филиалының б а с п а с ө з қ ы з м е т і мәлімдегендей, аталмыш күре жолдың былтыр 24 шақырымы жасалса, биыл жол жұмыстары қалған 36 шақырымына жүргізіле баста­ды. Бүгінгі күні бұл учаскеде 12 көпір мен 22 су өткізгіш құбыр, 8 малөткел (малды өткізуге арналған туннель) құрылыстары бітуге таяу. Қазір жоба жұмыстарына 740 қызметкер мен 550 техника жұмылдырылған. Ал, салы­нып жатқан жаңа жолдың ені 9 метр, конструкциялық қалыңдығы 65 см болады. Құрылыс барысында жол бойында орналасқан барлық елді мекендердің тұсына аял­дамалар мен жол өткелдері, көлік тұрақтары салынуда. Бұл жұмыстарға «Sine Medas Stroy» түрік компаниясы мердігер болуда. Ал, ауқымды жоба болашақта толық жүзеге асқан жағдайда, күре жол бой­ына барлығы 2 жол өткелі, 20 көпір, 36 автобус аялдамасы мен 80 су өткізгіш көпір, 14 демалыс алаңы орнатылады. Жұмыстар аяқталғанда трас­са ІІІ техникалық санаттан ІІ техникалық санаттың талап­тарына сәйкес болады деп күтілуде.

Осымен қатар, бүгінгі күні келесі кезектегі 217 шақырымға жол төсеу жұмыстарына да дайындық жүргізілуде. Оған итальяндық «Тоdini», түріктің «Ант Иншаат», «Sine Medas Stroy» және «Атырау- ИнжСтрой» компаниялары мердігер болып белгіленді. Қазіргі күні олар айналма жол салу жұмыстарына кірісіп кетті.

Мұратбек ЖАҢАБАЙ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз