Тауар ассортименті артты: «Атырау – Ақпарат» 2021 жылды қорытындылады

92f0877e 184c 4e20 8143 9406fd523eb8 Жаңалықтар

«Атырау-Ақпарат» ЖШС басшылығы 2021 жылғы қызметінің қорытындылап, 2022 жылға арналған негізгі міндеттер туралы баяндады, – деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

«Атырау-Ақпарат» ЖШС бас директоры Ысқақ Егембердиев COVID-19 пандемиясына қарамастан, 2021 жыл компания үшін сәтті болғанын атап өтті.

– Биыл қиындықтарға қарамастан, табысты кәсіпорынға айналдық. Соның ең негізгісі – 2015 жылдан бері қордаланып қалған барлық қарызды жаптық. Бұл облыс басшылығы қабылдаған шешімдердің арқасында жүзеге асты. Бұл, әрине – біздің ұжымның еңбегі, – деді Ысқақ Егембердиев.

c943a337 210e 47b4 a567 81e548574b0b


Медиахолдинг бас директоры биыл «Атырау-Ақпарат» қызметкерлерінің жалақысы 15 пайызға өскенін, полиграфиялық өнімдерге де сұраныс артып, қызмет сапасының жақсарғанын жеткізді.

f9918c13 b147 4575 b8e8 6073bc35db10

«Тек осы жылдың ішінде кәсіпорын 47 кітап түрлерін басып шығарды, полиграфиялық өнімдердің аясы кеңейді. Кәсіпорын кітаппен бірге, брошюралар, конверттер, күнтізбелер, фирмалық логотипі бар майлық қағаздар және футболкалар, сыртқы жарнаманы да шығарады» деді ол.

«Атырау-Ақпарат» тарихында алғаш рет серіктестіктің үш қызметкеріне облыс орталығынан 2 және 3 бөлмелі қызметтік пәтер берілді.

Қызметкерлердің жыл бойына орталық бассейнге баруына мүмкіндік жасалды.

de95ba2c 89f8 402f b328 f60b71872cfc

Мекеме қызметкерлері де игі істерден қалыс қалмады. Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» акциясы аясында жұмысшылар жыл ішінде аз қамтылған 10 отбасыға қамқорлық жасап, материалдық көмек көрсетті. Жыл басынан бері Жаңа медиа және өңірлік коммуникациялар қызметі бөлімінің өзі 350 бейнеролик, 200-ге жуық постер және 1000-нан астам ақпараттық материал жариялады.

ATPress.kz ақпараттық сайты zero.kz рейтингі бойынша ТОП-50-ге енді» деп түйіндеді компания басшысы Ысқақ Егембердиев.
Медиахолдинг құрамына кіретін екі облыстық, жеті аудандық газеттің бас редакторлары да жыл бойы атқарылған жұмыстарынан есеп беріп, жылдың айтулы оқиғаларына тоқталды.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз

  1. Божбанбаева Раушан

    Ерінбей ізденісте болған адамның еңбек жолында бағы жанары сөзсіз. «Ақпарат-Атырау» ақпарат ұжымына сәттілік тілеймін. Игі істеріңіз алға баса берсін!