img 20201125 wa0108

Миллиондаған айыппұлдарын әлі төлемеген көлік жүргізушілері анықталды

Жаңалықтар Құқық
8 / 100

Атырауда Грузия Республикасының азаматы 2 млн теңге айыппұлы төленбеген көлікпен жүрген.

Облыстық полициц департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, патрульдік полиция қызметкерлері 1 млн және 2 млн теңгеден аса айыппұлы төленбеген екі автокөліктің иесін анықтады.

«Мәселен, 6 қаңтарда полиция қызметкерлері Азербайжан Республикасында тіркелген Lexus GX470 маркалы көлікті тоқтатты. Тексеру кезінде көлік иесі Грузия Республикасының 39 жастағы азаматыекендігі анықталды. Оның 2 млн теңгені құрайтын 123 айыппұлын төлемегені белгілі болды. Ал, 7 қаңтарда Армения Республикасында тіркеуде тұрған «Toyota Ipsun» маркалы көлігі тексерілді. Бұл автомобильдің жүргізушісі де 1 млн 63 980 теңгені құрайтын 35 айыппұлын төлемеген болып шықты», -деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодексінің 785-бабына сәйкес, шетелдік маркалы екі көлік те арнаулы тұраққа қойылған. Еске сала кетелік, бұдан бұрын Атырауда 2,6 млн теңге айыппұлын төлемеген жүргізуші ұсталған болатын.

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған