Татулық пен тұтастықты ту еткен
Аtr.kz/3 мамыр, 2019 жыл. Елорда төрінде Қазақстан халқы Ассамблеясының XXVII сессиясы өтті.
Бейбітшілік және келісім сарайындағы алқалы басқосуға 1500ден астам адам қатысты. Олардың қатарында бүкіл өңірлерден келген Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және өңірлік этномәдени бірлестіктер төрағалары, Парламент депутаттары, орталық атқарушы органдардың, саяси партиялардың, діни бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссияларының, ғылыми, шығармашыл зиялы қауым және БАҚ өкілдері болды.
Сессия отырысына ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев төрағалық етіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысты. Татулық пен тұтастықты ту еткен дәстүрлі шараға Атырау облысынан 30-ға жуық белсенді делегат қатынасты. Топ құрамында Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, облыстық этномәдени бірлестік басшылары, аналар кеңесінің өкілдері, «Жаңғыру жолы» облыстық штабы жанындағы жастар қанатының мүшелері бар.
Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары – хатшылық меңгерушісі Гүлмира Шәкірованың айтуынша, мұнайлы өңірде 80-нен астам түрлі этнос өкілдері тұрады. Олар 20 этномәдени бірлестікке бірігіп отыр. Қ а з а қ с т а н х а л қ ы Ассамблеясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтау ісіндегі Қазақстан халқы Ассамблеясының маңызды рөлін атап өтті.
«Жаһандық әлем күшті трансформацияны бастан өткеріп отыр. Біз бәріміз мүлде жаңа тарихи дәуірде өмір сүріп жатқанымызды түсінеміз. Экономика, қоғам өмірі және технология түбегейлі өзгерді. Бұл жаңалықтарды қабылдап, көп нәрсені үйренеміз, біраз нәрсені істей аламыз. Бірақ, бұл құбылмалы әлемде бір ғана мәңгі
әрі кешенді құндылық бар. Ол – қоғамның бірлігі мен ұлтаралық келісім, – деді Елбасы.
Тәуелсіздік жылдары Қазақстан халқының елімізде этносаралық қ а р ы м — қ а т ы н а с т а р д ы ң к е л е ш е г і н е қ а т ы с т ы деструктивті болжамдардың бәрін жоққа шығарғанына назар аударып:
«Біз экономикасы қарқынды дамып келе жатқан мықты мемлекет құрдық. Тарих сынақтарының бәрін бірге еңсердік. Прагматикалық және сарабдал сыртқы саясатымыздың арқасында халықаралық беделімізді биіктеттік. Еліміздегі этносаралық қарым-қатынастардың үлгісі теңдестірілген, уақыт жағынан тиімді әрі тәжірибеден өткізілген. Бұл бәріне үлгі болуға тиіс», — деді Елбасы.
Сессия барысында Елбасы Қазақстан қоғамындағы тұрақтылықты сақтау үшін барлық тетіктердің қалыпты әрі тиімді жұмысын қамтамасыз етуді тапсырды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті мемлекеттік органдар жанындағы медиация институты мен қоғамдық кеңестердің жұмысын жандандыру қажеттігін айтты. Ұлттар бірлігінің қазақстандық моделінің жарқын үлгісін паш еткен сессия соңы «Туған жерге тағзым» тақырыбындағы салтанатты концертке ұласты. Онда қазақстандық жас әншілер Ержан Максим мен Данэлия Төлешова ән шырқап, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.
Жалпы концерт «Қазақстан – біздің ортақ үйіміз» хореографиялық композициямен басталды. Оған «Салтанат» мемлекеттік би ансамблі, Қ.Қожамьяров атындағы Мемлекеттік республикалық академиялық ұйғыр музыкалық комедия театрының «Рухсара» би ансамблі солистері, «Мәңгілік» би ансамблі және шешен-ингуш этномәдени бірлестігінің «Вайнах» ансамблі қатысты. Атыраулық делегац и я Қ а з а қ с т а н х а л қ ы Ассамблеясының кезекті сессиясы аясындағы танымдық ісшаралардың да ортасынан табылды. Орталық Азиядағы ең ірі жәдігерлік орталық – Ұлттық музейде болды. Экспозиция алаңы жалпы аумағы 14 000 шаршы метрді құрайтын 14 залдан тұрады. Дүниежүзілік стандарттарға с ә й к е с ж а б д ы қ т а р м е н жарақтандырылған, экспозициялар үшін заманауи көрме технологиялары қолданылған нысанға сапар атыраулық топты ерекше әсерге бөледі.
Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан қаласының 20 жылдық мерейтойына арналған «Атырау көпірі» деген атауы бар алып нысанға барды. Бұл нысан Самал шағынауданын Орталық саябақ және Амфитеатрмен жалғап тұр. Онда алты метрлік жаяу жүргіншілер жолағы, үш метрлік веложол және жарты метрлік қауіпсіздік жолы бар.
Гүлжан ӘМІРОВА
Атырау-Нұр-Сұлтан-Атырау
*Қатысушылар лебізі
Асылы ОСМАН,
қоғам қайраткері, тіл жанашыры, ғалым:
– 2015 жылы Елбасымыз арнайы Ассамблея жылы деп жариялаған шақтан бастап, бұл институт әлемге шарықтады. Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі ел бұл ұғымның нені білдіретінін терең түсінді. Бұл расымен де нені білдіреді? Бұл – теңдік пен бірліктің мызғымас тұғыры. Ал, осы тұста мемлекеттік тіл мәселесін естен шығармауымыз керек. Менің жұдырықтай жүрегімнен орын алған от осындай. Яғни, тіліміз төмен түспесе екен! Ассамблея – шынымен де тату тіршіліктің ұйытқысы. Бұл ұғымның мәнін терең түсіну үшін, мемлекеттік тілді білу керек. Сонда ғана сол ұлттың жан-дүниесін ұғынады. Тіл тағдыры – ұлт тағдыры деп текке айтпаған. Сондықтан, өзің мекен еткен мемлекеттің тілін бірінші орынға қойған жөн.
Илья ИЛЬИН,
екі дүркін Олимпиада чемпионы:
– Бұл жиыннан алған әсерім шексіз. Спикерлердің сөздері де терең мағыналы, өте тамаша. 11 сынып. Қызылордадан шыққан оқушы. Тіптен, сөзім жоқ. Мен үшін Ассамблея – әркез достық атмосфера. Сөйлеушілерді тыңдай отырып, өз өмірі, өз ісі арқылы өзгелерді қанаттандыратын адамдардың тұтастай еліміз үшін үлкен мотивация екеніне көзім жетті. Бұл жұмыстардың қай-қайсысының да басы-қасында Тұңғыш Президентіміз тұр. Ассамблея – тұтастық пен тұрақтылықтың берік тұғыры. Осынау ұғымды бұл институт өз жұмысымен-ақ дәлелдеп келеді. Яғни, бірнеше этнос бір арнаға тоғысып, бейбіт өмірдің озық үлгісін әлемге танытуда.
Светлана ЖАНҒАЛИЕВА,
Индер ауданы аналар кеңесінің төрайымы:
– Қай кезеңде де аналардың тілегі – ел тыныштығы, бейбіт өмір. Ал, ел тыныштығы әр отбасынан бастау алатыны бәрімізге мәлім. Ауданда шаңырақ бақыты, бірлігі мен беріктігін қалыптастыру мақсатында түрлі шаралар ұйымдастырып, жастарға өнеге болар отбасыларды насихаттап келеміз. Сонымен бірге, қайырымдылық шараларын өткізіп, көмек көрсетіп жүрміз. Ассамблеясының ХХVІІ сессиясына қатысу маған үлкен рухани күш берді. Болашақта атқарар тың жоспарлар туындады. Мәңгілік еліміздің болашағы жарқын болып, татулық пен бірлігіміз нығая берсін деп тілейміз.
Азамат АБДУЛЛАЕВ,
Құрманғазы аудандық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының төрағасы:
– Бұл – менің өмірімдегі есте қаларлық оиғалардың бірі. Қанаттанып, тың идеялар бастауға серпін алдым. Елбасымыздың тапсырмасы бойынша биыл Жастар жылы деп жариялануы – біз үшін үлкен қолдау. Мемлекет тарапынан жастарға серпін беріп, жан-жақты демеу, жұмысқа орналастыру, кәсіпкерлікпен айналысу, оқу, білім алуға талпындыру – ерекше үрдіс. Ізденімпаз жастардың ойға алған жоспары лайықты жүзеге асуына атсалысуымыз қажет.