Атырау емханаларында ірі қалаларға портал арқылы жоспарлы жолдау басталды (+ ВИДЕО)

whatsapp image 2020 07 28 at 17.32.55 1 БЕЙНЕЖАЗБА

  Atr.kz/29 шілде, 2020 жыл.  «Қазіргі уақытта негізінен неврологиялық ауруға шалдыққан балаларға, кардиологиялық аурулар және ауыр жағдайдағы ересек науқастарға келісім арқылы Нұр-Сұлтан, Алматы қалаларына жолдама берілуде» деп хабарлайды Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының баспасөз-қызметі.

Атырау қаласындағы Геолог емханасының «Жанұя, денсаулық және отбасы» бөлімінің меңгерушісі Эльмира Мерешованың айтуынша, науқастан алдымен коронавирус инфекциясына қарсы тест сынамасы алынады. Жолдама сынама теріс нәтиже берген жағдайда ғана беріледі.

Сонымен бірге, дәрігер онлайн емхана қызметі жағдайында емдеуші маманға хабарласа алмаған жағдайда не істеу керектігін айтты.

whatsapp image 2020 07 29 at 15.13.08
Эльмира Мерешова

«Провизорлық стационарларда қызмет көрсетуіне байланысты, кейде емдеуші дәрігерлер қоңырауға жауап бере алмай жатады. Мұнайда тіркеу бөлімінен бас дәрігер орынбасарының, бөлім меңгерушілерінің байланыс телефондарын алып, тікелей хабарласуға болады. Біз уақтылы қызмет көрсетуге дайынбыз» дейді  Геолог емханасының «Жанұя, денсаулық және отбасы» бөлімінің меңгерушісі Эльмира Мерешова.

whatsapp image 2020 07 28 at 17.32.54 1
whatsapp image 2020 07 28 at 17.32.54

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз