Жарнама
Жаңалықтар

Тәтті кітаптар: Оқушылар әдеби шығармаларды ерекше форматта талдады

Атырау қаласындағы №44 мектеп-гимназиясында мектепішілік айлық аясында «Оқуға құштар мектеп» жобасы бойынша ерекше форматтағы әдеби іс-шара өтті. «Тәтті кітаптар» фестивалі оқушыларды кітап оқуға ынталандырудың жаңа әдісі ретінде ұйымдастырылды.

2c35d36a 1dd4 4d16 9c89 e5855838e0e2

Аталған мектеп директоры Абай Ақмұрзиевтің айтуынша, фестиваль барысында қатысушылар белгілі әдеби шығармаларға арналған торттар дайындап, оларды көпшілікке таныстырды. Оқушылар С.Мұратбековтың «Жусан иісі», І.Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясы, М.Дулатовтың «Оян, қазақ!», Б.Момышұлының «Ұшқан ұя», М.Әуезовтың «Абай жолы» сынды шығармаларын талдап, олардың мазмұнын ерекше тәсілмен жеткізді.

Іс-шараның басты мақсаты – оқушыларды кітап оқуға тарту, әдеби шығармаларды қызықты әрі есте қаларлық тәсілмен насихаттау. Фестивальге қатысушылар «тәтті кітаптар» арқылы көркем әдебиетке деген қызығушылықтарын арттырып қана қоймай, шығармашылық қабілеттерін де көрсете білді.

Бұл ерекше бастама оқушылардың бойында кітап оқуға деген сүйіспеншілікті арттырып, әдебиеттің маңыздылығын дәлелдей түсті.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button