Жарнама
Жаңалықтар

Тасқын бірнеше ауылға қауіпті

Қызылқоға ауданының Миялы, Жанкелдин, Ойыл, Көздіғара, Тасшағыл, Қаракөл, Тайсойған ауылдық округтеріне тасқын қаупі төніп тұр.
Аталған аудан әкімдігінің хабарлауынша, қазір Миялы ауылында қауіп сейілгенімен, Ойыл бойындағы округтер алаңдатып тұр.

— Бүгін 2 сәуір, сағат 14.30-дағы ақпарат бойынша, Көздіғара ауылдық округі Қоныстануда сайда орналасқан 4 тұрғын үй (1 бос тұрған үй) суға кетіп, 8 тұрғын мен қорадағы малы қауіпсіз аймаққа көшірілді. Қазір округте 6 арнайы техника жұмыс жасауда. Тасшағыл ауылдық округінен 2 техника көмекке жіберілді. Округке қарасты Қосқұлақ және Бүйрек елді мекендері бар. Елді мекен тұрғындары мен үй жануарлары қауіпсіз аймақта, — дейді аудандық әкімдіктің өкілдері.
Сонымен қатар, Ойыл ауылдық округіне қарасты Балабейіт қыстағы тасқын судың қоршауында қалды. Қауіпсіз аумаққа көшіру мақсатында ауданнан 2 қайықпен кеткен құтқару жасағынан тұрғындар өз еріктерімен бас тартып, қыр басына қорадағы мал жайларымен бірге қауіпсіз аймаққа шықты. Қыстақта 11 тұрғын мен 173 мал басы бар.
Айта кету керек, Қызылқоға ауданында 31 наурыздан бастап төтенше жағдай жарияланған болатын.

Өз тілшіміз

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button