Нұрлан Ноғаев композитор Ілия Жақановтың иығына шапан жапты

img 20161226 wa0013 Жаңалықтар

Атырауда композитор, жазушы Ілия Жақановтың 80 жылдық мерейтойына орай «Еділ-Жайық» атты ән кеші өтті. Мерейтой кешіне қала тұрғындарымен қатар республиканың әр өңірінен ақындар Маралтай Райымбекұлы, Ақұштап Бақтыгереева, құрметті теміржолшы Амангелді Селбаев, белгілі заңгер Бекет Тұрғараев сынды қонақтар келіп қатысты.

img-20161226-wa0013

Ән кешіне арнайы келген аймақ басшысы Нұрлан Ноғаев композитор Ілия Жақановты 80 жылдық мерейтойымен құттықтай отырып, жұбайы мен екеуінің иығына шапан жауып, Елбасы атынан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медалін табыс етті.

– Өнер адамдарының еңбегін келімен, метрмен қандай да бір өлшем бірлікпен шектеуге болмайды. Олардың қызметін елдегі бейбітшілік пен қоғамдағы тазалықтан байқаймыз, – деді кеш барысында сөз алған Атырау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев.

img-20161226-wa0015

Ілия Жақанов – композитор, жазушы, публицист, музыкатанушы, Қазақстан мен Қырғызстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері ретінде алаш жұртына мәлім. «Біржан сал», «Ақан сері», «Үкілі Ыбырай», «Естай әнші» сынды зерттеу еңбектері мен көптеген әндері бүгінде ел аузында.

Кеш барысында жиылған көремендер композитордың «Еділ-Жайық» әнін бірге шырқап, ықылас ниеттерін білдірді.

Мереке Асанова

ATPress.kz сайтынан

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз