Жаңалықтар

Қазақстан – менің де Отаным

Қазақстанда тұрып келе жатқаныма жарты ғасырға жуықтады. Осы жылдар ішінде қазақ жерін мекендеген түрлі этностардың берік достығы еш үзілмегеніне қайран қаламын. Елбасының өзі әр сөйлеген сөзінде болсын, жазған еңбектерінде болсын, ешкімді ұлт пен нәсіліне қарап бөлмейді. Барлығын «қазақстандықтар» деген бір ұғымның аясына біріктіреді. Мен еліміздің көптеген өңіріне бардым. Сол кезде ұлтаралық татулыққа, достық пен кең пейілге әлденеше рет куә болдым. Осы ретте Нұрсұлтан Әбішұлының еңбегі өте зор. Сондықтан, оның жүргізіп отырған саясатын толығымен қолдаймын.

%d0%b1%d1%96%d1%80-%d0%b5%d0%bb-%d0%b1%d1%96%d1%80-%d1%82%d0%b0%d2%93%d0%b4%d1%8b%d1%80

Атырауда тұ­ратын менің қандастарым «Иверия» грузин этномәдени бірлестігін құру ке­зін­де еш кедергіге кезіккен жоқ. Бірлестікті басқару міндеті маған жүктелді. Әрине, қай істің де бастауында қиындықтар кездесетіні баршаға мәлім ғой. Алайда, біз этномәдени бірлес­тіктің жұмысын жолға қою барысында мемлекеттің қолдауын анық сезіндік. Сол үшін де Президентімізге айтар алғысымыз шексіз. Бірлестік жанынан жастар­дың би ансамблін құрып, оның мүшесі болуға тілек білдіргендердің ұлтына шектеу қоймадық. Қазір ансамбль құрамында бірнеше ұлттың өкілі билеп өнер көрсетеді.

Еліміздің Тұңғыш Президенті ұлтаралық достықты нығайтудың қазақстандық моделін қалыптастырды. Мұндай модель бұ­рын әлемдегі бірде-бір елде болмаған. Қазір көптеген елдің басшылары мен саясаткерлері Қазақстандағы ұлттардың берік достығы мен татулығына қызығып та, қызғанып та қарайды. Қазақстандық  модельдің ұтымды тұстарын өздерінде қолдануды қалайды. Егер Ұлт Көшбасшысының парасатты пайымы мен асқақ абыройы болмаса, өміріміз алаңсыз болар ма еді? Сайып келгенде, өз тағдырымның, ба­лаларымның болашағы Қазақстанмен бай­ланысты болғанына үнемі шүкіршілік етемін. Бәрімізге амандық, Елбасымызға денсаулық, елімізге тыныштық тілеймін.

Зураб Бобохидзе,

«Иверия» грузин этномәдени орталығының жетекшісі.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button