ТАЛАПКЕРЛЕРДІҢ БАҒЫН АШАТЫН ЖОБА
«Серпін» жобасы бойынша Атырау мұнай және газ институтына 12 мамандық бойынша білім гранттары бөлінген болатын. Атап айтар болсақ, мұнай-газ ісі мамандығына – 60, органикалық заттардың химиялық технологиясы факультетіне – 60, электроэнергетика бойынша – 30, технологиялық машиналар және жабдық ісіне – 30, көлік, көлік техникасы және технологиялары мамандығына – 25, тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау факультетіне – 20, геодезия және картография бойынша – 20, геология және пайдалы қазбалы кен орындарын барлау ісіне – 20, құрылыс мамандығына – 10, радиотехника, электроника және телекоммуникациялар факультетіне – 5, ақпараттық жүйелер бойынша – 15, есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету ісіне 5 орын берілген көрінеді.
Жобаға қатысатын жоғары оқу орындарын таңдаған кезде, олардың материалдық-техникалық базасы, жатақхана, асханамен қамтамасыз етілуі және мамандардың біліктіліктерін арттыру деңгейінің жоғары болулары қарастырылған. Атырау мұнай және газ институтын таңдаған талапкерлер үшін де алаңсыз білім алуларына барлық жағдай жасалып отыр. Студенттер жатақханамен және басқа да қажетті ресурстармен толық қамтамасыз етілетін болады. Сонымен қатар, «Серпін» жобасы бойынша оқуға түскен студенттер институтта жүзеге асырылып жатқан жаңа бағдарламаларға қатысып, зор мүмкіндіктерге ие бола алады.
Гүлзада НИЕТҚАЛИЕВА.