Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 816 адам коронавирустан емделуде

unnamed file 9 COVID-19: Соңғы поштадан...

Атырау облысында өткен тәулікте 75  адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, – деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.


 Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметі бойынша, қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 17-сі Атырау қаласынан тіркелген. Сондай-ақ, Теңіз кенішінен 45 жұмысшыдан, Жылыой -1, Индер-1, Махамбет -1, Құрманғазы ауданында 10 адамнан covid-19 жұқпасы анықталған.
 
 Covid-19 инфекциясын жұқтырған науқастардың 23-інде ауру симптомды түрде өтуде.
 Соңғы мәліметке сәйкес, өткен тәулікте  коронавирус инфекциясынан 52 адам емделіп шықты.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 339 адам үй жағдайында емделуде. 

Облыстық инфекциялық стационарда  91  науқас, ал аудандардағы инфекциялық стационарларда 43,  Теңіз кенішінің инфекциялық стационарында 816 адам ем қабылдауда.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз