Демеушілік көмек жасырылған жоқ

img 20200801 wa0000 COVID-19: Соңғы поштадан...

Atr.kz/2 тамыз, 2020 жыл. Атырау облысына жеткізілген демеушілік көмектер қоймаға жасырылған жоқ.

Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, 25 маусымда «АТМА – Аэропорт Атырау» АҚ тарапынан берілген демеушілік көмек 17 шілде күні облыстағы емдеу мекемелеріне толық таратылған. Бұл мәселе Атырау облысы әкімінің тікелей бақылауында. Ішкі қызметтік тексеріс жүргізілуде, жұмысына салғырт қарау дерегі анықталған жағдайда жауапты тұлға жазаланады. 

Исатай аудандық орталық ауруханасына мамыр-шілде айларында демеушілік есебінен бөлінген медициналық  10140 дана медициналық маска,  660 дана медициналық комбинезон, ал Жылыой ауданына мамыр және шілде айларында  13 110 дана маска, 180 дана обаға қарсы костюм, 2070 дана қорғаныш комбинезоны, 190 дана қорғаныш көзілдірігі және 300 дана қорғаныш экраны мен 7663 дана қолғап жеткізілген.

Қазіргі уақытта аталған медициналық ұйымдарда  қорғаныс құралдары және қажетті заттардың қоры жеткілікті екендігін мәлімдейміз.

Пандемияға байланысты, «АТМА-Аэропорт Атырау» АҚ тарапынан 25 маусымда демеушілік көмек келген болатын. Демеушілік көмек әдетте Атырау қаласындағы Геолог емханасы жанындағы орталықтандырылған қоймаға жинақталады. Нақты есебі жүргізілгеннен соң, медициналық орындар үшін көрсетілген демеушілік көмек заттары емдеу мекемелерінің сұранысына сай, қала және аудандарға таратылады. Бұл жерде Геолог емханасынан басқа емдеу мекемелерінде көмек заттар қорын сақтауға арналған орынның жоқ екендігін де атап өткеніміз жөн. Оның үстіне, кез келген жағдайға дайын болу үшін, қоймада кемінде екі апталық қор (медициналық қорғаныс құралдары жиынтығы) сақталуы тиіс. Бұл –  қауіпсіздік үшін ең қажетті алгоритм.

26 маусым күні  Исатай аудандық ауруханасы 500 комбинезон сатып алу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жариялады. Сондай ақ,  Жылыой аудандық ауруханасы қорғаныш маскасын, пульсоксиметр және бір рет қолданатын комбинезон сатып алу туралы мемлекеттік сатып алу туралы хабарландыру жариялады.

Бұл жерде аталған екі аудандық мекеменің дербес шаруашылық жүргізу құқығындағы коммуналдық мемлекеттік кәсіпорын болғандықтан, қаржылық-шаруашылық қызметтері дербес ұйымдастыра алатындығын атап өткеніміз жөн.

Яғни, аталмыш мекемелерге қажетті медициналық заттар сатып алуға бюджеттен қаржы қарастырылған. Осыған сәйкес,  мекеменің қажетті заттарын сатып алу тәртібі де заңнама талаптарына сәйкес дербес жүзеге асырылады.

Исатай аудандық орталық ауруханасының 500 комбинезон сатып алу туралы мемлекеттік сатып алу жоспарына 23 маусымда өзгеріс енгізіліп, сатып алудың өтпеуіне байланысты, 26 маусымда қайта хабарландыру берілген. Нәтижесінде шілде айының 9-да Атырау қазақ саңыраулар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорнымен арада 1 930 000 теңгеге келісімшартқа отырып, 27 шілдеде тауар толық  жеткізілген.

5000 медициналық маска сатып алу туралы мемлекеттік сатып алу жоспарына өзгеріс 1 шілдеде енгізіліп, баға сұрату тәсілімен сатып алу хабарландыруы бірінші рет 2-шілдеде жарияланды. Конкурс өтпеді деп танылып, арнайы тәртіптің талаптарына сәйкес, бір көзден сатып алу жүргізіліп, нәтижесінде «Султангалиев» ЖК ағымдағы жылдың 14-шілдесінде 585 000 теңгеге келісім шартқа отырып, 15-шілдеде тауар жеткізілген.

Сондай-ақ жоғарыда аталған конкурстар бойынша, Жылыой аудандық орталық ауруханасында мемлекеттік сатып алу рәсімдері жүзеге асырылып,  қорғаныш маскасын, пульсоксиметр және бір рет қолданатын комбинезон түріндегі тауарлардың толықтай жеткізілгенін хабарлаймыз. 

Бұдан бөлек, Жылыой ауданында орналасқан жеке меншік нысандағы ұйымдар тарапынан шілде айында Жылыой аудандық ауруханасына қосымша демеушілік көмек көрсетілді.

Сатып алулар медициналық мекемелердің қажеттілігіне сай жүзеге асырылады. Ал демеушілік көмектерге байланысты жоспарлы сатып алулар  тоқтатылмайтынын атап өткен дұрыс.

Демеушілік есебінен бөлінген қажетті заттар бойынша, Денсаулық сақтау басқармасы қабылдау және бөлу есептерін ұдайы жүргізіп келеді, бүгінде демеушілік есебінен келген қажетті  медициналық заттары емдеу орындарына  тарату жұмыстары жалғасуда.

«Атырау облысы әкімінің баспасөз қызметі»

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз