Жарнама
ЖаңалықтарШаһар шырайыҚоғамҚұқық

Түзеу мекемесінің қоршауынан ішкі аймаққа ұялы телефон лақтырғандар жауапқа тартылды

Атырауда түзеу мекемесінің қоршауынан ішкі аймаққа ұялы телефон лақтырғандар жауапқа тартылды. Әкімшілік іс қалалық мамандандырылған әкімшілік сотында қаралды.

Түрме

Құқық бұзған 2 жігіт 29 желтоқсан күні қолға түскен. Атырау қаласы УГ-157-9 мекемесінің №4-5 учаскесінің әскери бөлім қызметшілері негізгі қоршау арқылы ішкі аймаққа қара түсті «SamsungDuos» ұялы телефонын және 1 дана ақ түсті құлаққап лақтыруға тырысқан азаматтар Т. және К.-ны ұстаған.

Сотпен құқықбұзушы Т. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 481-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықты жасау құралы болып табылған зат мемлекет кірісіне тәркіленді.

Екінші құқықбұзушы К.-ға қатысты әкімшілік іс құқық бұзушының қатысуынсыз сырттай өндіріс тәртібінде қаралып, оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл тағайындалды.

Айқара Ғұмар

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button