Жарнама
ЖаңалықтарЭкология

СҮҢГУІРЛЕР ЖАЙЫҚ ТҮБІН ТЕКСЕРДІ

Atr.kz/13 наурыз, 2019 жыл. ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшелері Жайыққа тікелей барып, жағдайды бақылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Бүгін, 13 наурыз күні Атырау облысына ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің Экологиялық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының мүшелері келді. Министрлік өкілдері ең алдымен Жайық бойына барып, теплоходпен өзен бойын жүріп өтті. Жайық маңындағы Жамбыл ауылының тұсында 3 метр тереңдікте сүңгуірлер көмегімен қоғамдық денсаулық сақтау департаменті, экология департаменті және «Қазгидромет» ӨММ қызметкерлері химиялық су сынымаларын алды. Сүңгуірлердің айтуынша, өзен түбінде өлі балық қаңқасы табылмады. 
Одан кейін комиссия мүшелері «Амангелді» балық шаруашылығы кооперативінің балық аулау аумағына барды.

53483039 649365692164767 7738124766250270720 o
53970458 649365608831442 273335103151669248 o

— Дәл қазір 1 аулағанда шамамен 200 келі балық ауланды. Оның 3,5 келісі өлі балықтар. Өлген балықтар қаңқасы мұзда қатып қалғандықтан еріп, су бетіне қалқып шығып жатыр. Қазір балықтың аз болатын кезеңі. Күн жылына сәуір айынан бастап уылдырық шашып, жалдағы үрдіспен балық көзі көбейеді,- дейді «Амангелді» кооперативінің қызметкері Өтеген Бисалиев.

53541011 649365718831431 7376125144218992640 o
54255953 649365638831439 8721276160790495232 o

-Энергетика вице-министрі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, Денсаулық сақтау министрлігі, жергілікті атқарушы органдар, әкімдіктің қатысуымен ведомствоаралық комиссия құрамыАтырау қаласына ұшып  келген бетте Жайық бойымен өтіп шықты. Жағдайды өз көзімізбен көріп, балық өнеркәсібінің, балықтың жағдайын бақыладық. Суңгуірлер суға түсіп, су түбінен екі нүктеде су сынамаларын  алды. Балықтың өлімі айқын, жалпы, қарқынды жұмыс желтоқсан айынан бері жүргізілгенін айта кету керек. ІІМ тергеу жүргізеді.

53604444 649365898831413 343799406056701952 o
54348299 649365852164751 5531896222022893568 o

Біздің бірінші міндет — жағдайды оқшаулау, халықтың қауіпсіздігі үшін салдарын бейтараптандыру. Тексерілмеген балық өнімдері дүкендер мен сауда орындарының сөрелеріне түспеуі үшін денсаулық сақтау басқармасы 80-нен астам су сынамасын тексереді. Тергеу шеңберінде 4 сараптама жүргізілді. Экологтар мен біздің қызметкерлер Жайық өзеніне қалдық төгетін барлық кәсіпорындарды тексерді, нәтижесі бар. Балықтың өлімінің себебі тергеу қорытындысы шыққаннан кейін хабарланады,- дейді экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зулфухар Жолдасов.

53577792 649365778831425 234571232303906816 o
54354348 649365828831420 6852588104218312704 o

7 наурыз күні Жайық жағалауынан 1,3 тонна өлі балық жиналған болатын. Барлық жиналған балық желтоқсан айында өлген, жаңа балық қаңқасы табылған жоқ.


Тергеу шеңберінде 4 сараптама жүргізілді. Экологтар мен біздің қызметкерлер Жайық өзеніне қалдық төгетін барлық кәсіпорындарды тексерді, нәтижесі бар. Балықтың өлімінің себебі тергеу қорытындысы шыққаннан кейін хабарланады

54361681 649365705498099 4728314390766419968 o

-Бүгін біз Жайық өзенінің зардап шеккен нақты түсінуіміз керек. Шығын — 8,6 тонна. Атырау қаласындағы екі балық зауытында жасанды түрде өсірілген бекіре тұқымдас популяция зардап шекті.  Бұл  көрсеткішті Жайық өзенінің жалпы массасының 0,04%-н құрайды, яғни бұл іс жүзінде қалыпты. Бірақ, қайта өңдеу жұмыстары жалғасуда және нақты салдар туралы әңгімелеу әлі ерте. 

Жайық-Атырау балық зауыты Ауыл шаруашылық министрлігінің құзырында, тергеу іс-шаралары жағдай себептері мен заң бұзушыларды анықтау нәтижесінде шығын есептеледі және тиісті шаралар қабылданады.  Балық өсіру шаруашылығына келтірілген зиян есептелмеді, өйткені бұл балық мемлекеттік емес, жеке.

«Луговский жылқы Завод» ЖШС-нің алдында келтірілген залалды есепке ала отырып, шығындарын өзіндік жолмен қарайтын болады. Барлық балық есепке алынады және қылмыстық істі жасаған қылмыскерлер барлық  келтірілген шығынды  өтейді,- дейді Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов.

Қазіргі таңда полиция қызметкерлері мен ветеринарлар балық өнімдерін өткізу нүктелерін  бақылауда ұстап отыр. Халық арасында балық немесе су арқылы улану жағдайлары тіркелмеген.

53648509 649365622164774 764593157525471232 o
54424811 649365842164752 4764350364675735552 o

Айта кету керек, ведомствоаралық комиссиясы өкілдерінің қатарында энергетика министрінің орынбасары Сәбит Нұрлыбай, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы Жандарбек Бекшин, экологиялық реттеу және бақылау комитеті төрағасының орынбасары Зулфухар Жолдасов, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Нариман Жүнісов және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу басқармасы бастығының орынбасары Қайрат Нұрмағамбетов бар.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button