Атыраулық дәрігерлер 122 мың адамның өмірін сақтап қалды

whatsapp image 2018 06 17 at 11.21.38 1 Жаңалықтар

Жыл басынан бері Атырау облысының дəрігерлері 122 мың адамның өмірін сақтап қалды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 22 мың адамға артық, деп хабарлайды Атырау облыстық өңірлік коммуникациялар қызметі.

whatsapp-image-2018-06-17-at-11.21.38-(1)

Медицина қызметкерлері күніне орай өткен мерекелік шарада қырық дәрігер марапатталды. Атырау облысы әкімінің орынбасары Әлібек Нəутиев медицина қызметкерлеріне міндеттерін орындау кезінде көрсетілетін қызметтері, жауапкершілік пен денсаулық сақтауда қосқан үлестері үшін алғыс білдірді.

Бүгінгі таңда Қазақстанда медицина саласының дамуы және медицина қызметінің жоғарғы деңгейде болуы үшін барлық жағдайлар жасалуда. Өңіріміздегі көрсетілетін медицина қызметін арттыру үшін, дəрігерлеріміздің шетелдерде оқып келіп, жаңа апараттармен жұмыс жасауларына мүмкіндік бар, -деді Əлібек Нəутиев құтықтауында.

whatsapp-image-2018-06-17-at-11.21.38

Бүгінде жергілікті дəрігерлердің арқасында түрлі апаттардан мыңдаған адамдар құтқарылды. Өткен жылдың бес айында «103» қызметіне 100 мың қоңырауға қызмет көрсетілген болса, 2018 жылдың басынан бастап 122 мың адамның өмірін сақтап қалуға мүмкіндік туған.

Айта кетсек, бүгінде Атырау облысында 9 400 медицина қызметкері жұмыс істейді. Оның ішінде 1300 дәрігер, қалғандары орта деңгейдегі қызметкерлер.

 

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз