Жаңалықтар

Су деңгейі әлі көтерілуде

Жайық өзенінің деңгейі Индербор кенті тұсында бір тәулікте 5 сантиметрге төмендеп, жалпы мөлшері 10 метрді көрсетті. Қауіпті деңгейден 155 сантиметрге артық.

«Қазгидромет» РМК облыстық филиалының мамандары жариялаған мәліметке сүйенсек, Махамбет ауданында бір тәулікте су деңгейі 4 сантиметрге артып, бүгін сағат 08:00-дегі жағдай бойынша 4 сантиметрге кері түсті. Қазір жалпы деңгейі 1020 сантиметрде тұр. Шекті мөлшерден 170 сантиметрге көп.

Ал Атырау қаласындағы гидро бекетте су 4 сантиметрге көтеріліп, жалпы деңгейі 585 сантиметрге жетті. Қауіпті деңгейден 35 сантиметрге асты. Еске салайық, Иректі су қоймасынан секундына 141 текше метр су төгілуде.

Малика ТӘКЕЖАНҚЫЗЫ

Related Articles

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button