Атырау мұнай өңдеу зауытында каталитикалық крекинг қондырғысы мәжбүрлі түрде тоқтатылды

2022 02 07 munay Жаңалықтар

Сұйытылған газдың уақытылы тасып шығарылмауы себепті АМӨЗ-де каталитикалық крекинг қондырғысының жұмысы мәжбүрлі түрде тоқтатылды.

«10 қаңтарында АМӨЗ каталитикалық крекинг қондырғысының және оған қатысты технологиялық нысандардың жұмысын мәжбүрлі түрде тоқтатты. Бірқатар технологиялық қондырғылардың тоқтауы нәтижесінде «Атырау МӨЗ» ЖШС келесідегідей мұнай өнімдерін шығару көлемін азайтты: СКГ – тәулігіне 500 тоннадан 20 тоннаға дейін; автобензиндер – тәулігіне 6000 тоннадан 1 500 тоннаға дейін; дизельді отын тәулігіне 4 000 тоннадан  2 000 тоннаға дейін. Жоғарыда айтылғандардың негізінде бекітілген өндірістік жоспардан ауытқымау мақсатында «АМӨЗ» ЖШС басшылығы Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қызылорда және Қостанай облыстарының әкімдіктерін ҚР Энергетика Министрлігінің бөлу жоспарына сәйкес «Сұйытылған мұнай газын сақтау паркі» ЖШС-нен  СГК-ны тасып шығару жұмыстарын ұйымдастыруды сұрайды», – делінген зауыттың баспасөз қызметі.

Жалпы кестеге сәйкес, Ақтөбе облысы – 464 тонна, Қызылорда облысы – 1 977 тонна, Қостанай облысы – 3 683 тонна, Батыс-Қазақстан облысы – 3 589 тонна сұйытылған газ бөлінген.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз