Атырауда 60 вакуум жұмыс істеуде
Жауын суы жұртшылықты жағадан алып жатыр. Табиғаттың тосын мінезі азаматтардың мазасын қашырды. Қала әкімдігінің баспасөз қызметінен алған мәліметтерге сүйенсек, жиналған суды тарту жұмысы әр ауылдық округ аумағында жүргізіліп жатыр. Жалпы, облыс орталығында 60 вакуум жұмыс істеп тұр. Әсіресе, су сору жұмыстары «Балауса», «Мирас», «Жұлдыз» елді мекендері мен «Сарықамыс» шағынауданында қарқынды жүруде.
Мәселен, «Балаусада» – 6 , «Мираста» – 10, «Жұлдызда» – 15, ал «Сарықамыста» 4 вакуум жұмыс істеп тұр. Білуімізше, тағы да қосымша техникаларды жұмылдыруға жұмыстар жасалып жатқан көрінеді.
Байқасақ, жауын-шашын салдарынан жолдарда үлкен шалшық пайда болған. Жаяу жүргіншілер жолды кесіп өте алмайды, ал жүргізушілер су астындағы шұңқырларды көрмей қалады.
Атырау ауылдық округінің әкімі Нұрлан Халмурзиннен өзі басшылық ететін елді мекендерде нөсерден зиян да, қауіп те жоқтығын білдік. Өйткені, жері құнарлы, топыраққа сіңіп кетеді екен.
Рита ӨТЕУҒАЛИ