Жарнама
Жаңалықтар

Құрманғазылық нәзікжанды әкім «Үздік ауыл әкімі» атанды

«Үздік ауыл әкімі» республикалық байқауының облыстық кезеңі өз мәресіне жетті, — деп хабарлайды Құрманғазы ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Байқаудың аймақтық кезеңіне барлығы 6 ауыл әкімі қатысып, бақ сынады. Олардың қатарында киелі Құрманғазы өлкесінің сенімін арқалаған Бірлік ауылдық округінің әкімі Гүлжазира Абенова да болды.

Жұмыста жоғары нәтижелерге қол жеткізген, ауылдық елді мекендердің дамуына елеулі үлес қосқан, сондай-ақ халықпен белсенді ашық жұмыс жүргізетін ауыл әкімдерін анықтауды және ынталандыруды мақсат еткен байқаудың нәтижесінде Гүлжазира Қайратқызы қарсыластарынан оқ бойы оза шауып, өңірлік кезеңнің жеңімпазы атанды.

Осылайша, құрманғазылық нәзікжанды әкім байқаудың республикалық кезеңінде мұнайлы астананың намысын қорғауға мүмкіндік алды.

Ерлермен иық тіресе еңбек етіп жүрген нәзікжанды әкімнің жеңісіне жерлестері де дән риза.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button