«Өз еліңді танып біл!» (+ФОТО)

9f600773 8022 484d ad28 d40e29e933c6 1 Білім

Atr.kz/25 шілде, 2019 жыл. Аймақта туризмді дамыту мақсатында қолға алынған осынау жоба аясында атыраулық оқушылар еліміздің өзге өңірлеріне саяхаттайды. Бұл жұмысты облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы  білім басқармасымен бірлесіп қолға алды.

 Ұйымдастырушылардың айтуынша, аз қамтылған және көп балалы отбасылардың балаларының алғашқы тобы жуырда Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларына туристік экскурсияға барып келді. Балалар үш күн бойы Солтүстік және Оңтүстік астаналарының көрікті жерлерімен танысты. Негізінен жобаға қатысушылардың жалпы саны 200 адамды құрайды.  Тамыз айында аталған жұмыс жалғасын тауып, 50 оқушы «Батыс Қазақстан айналымы» маршруты бойынша Ақтау – Ақтөбе – Орал қалаларына жолға шығады.

Өскелең ұрпаққа еліміздің тарихын танып білуі – басты мақсат. Бұл ретте оқушылардың жазғы демалысын тиімді өткізуде осынау жұмысты ұйымдастырдық. Жас саяхатшылардың алғашқы легі өзге өңірлерді аралап, тарихи жерлермен танысып, қуанышты сәтпен оралды. Балаларға жағымды демалыс сыйлау үшін арнайы жоспар да жасақталды, – дейді облыстық кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасының бөлім басшысы Алима Рамазанова.

Алтыншаш НӘСІПҚАЛИҚЫЗЫ

538f1eea fba1 460e 8cba 247d8fbce27d
1d1f5d04 7297 44d9 84ad 5410e551e2d7
9c9f14ef 04b4 4e76 adc7 86676c663000
0631fb80 3f27 4c72 8a9b ecc877c76af5
d4cbc482 9aff 4f6c 8bc3 5c4b3124f791
b4a52ae6 9f24 4c8a b25b c34a2f1342de
ed72a4e1 793f 41e2 b9a3 b05648bfd5c3
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз