Спорт нысандары талапқа сай ма? (+ФОТО)

nysan 2 Жаңалықтар

Atr.kz/22 шілде, 2019 жыл. Көпшіліктің зор сұранысына ие спорттық нысандар заманауи талаптарға сай әрі қолжетімді болуы керек. Осыған орай, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Ринат Ибрагимов облыс орталығындағы негізгі спорттық кешендердің жай-күйімен танысты.

Қазір Мұз айдынында бірқатар жөндеу мен жаңарту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінде жаңа борт салу жұмыстары басталып та кетті. Сондай-ақ, жаңа тоңазытқыштар алынды. Есесіне, енді жыл бойы атыраулық тұрғындар жаппай сырғанауға бара алады. Ал, хоккей ойындары кезінде билеттерді сатып алу жүйесі толықтай электронды жүйеге енгізілді. «Бейбарыс» клубының сайты да жаңа форматқа көшіріліп, жанкүйерлерге тиісінше тиімді етіп жасалынбақ.

nysan 1
nysan 8
nysan 6

Сонымен бірге, орталық жүзу бассейні де қайта жаңартудан өтті. Бассейн суы толықтай ауыстырылып, жаңа сүзгі жүйесі орнатылды. Киім ауыстыру бөлмелері және жуыну бөлмелері де толықтай жаңартылып жатыр. Алдағы уақытта бассейнді күрделі жөндеуден өткізу үшін жобалық-сметалық құжаттамасы жасалады деп жоспарлануда.

– Соңғы үлгідегі спорт нысандары жергілікті жастарды жетістікке жетелейтіні сөзсіз. Аймақтағы спорт кешендерінің материалдық-техникалық базасын нығайту, спортшыларды дайындау сапасын арттыру және бұқаралық спортты дамыту бойынша жұмыстар үзілмейді, – деп сендірді жоғарыда аталған басқарма басшысы Ринат Ибрагимов.

Бүгінде Атырауда жүзден астам бала хоккеймен және 500-ге жуық бала жүзумен тегін шұғылданады.

Амандық АБДОЛ

nysan 3
nysan 5
nysan 7
nysan 9
Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз