Жарнама
Жаңалықтар

Студенттер Атырау мұнай өңдеу зауытында өндірістік тәжірибеден өтеді

Атырау мұнай өңдеу зауытына Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ғалымдары келді. Сапардың мақсаты – зауыт пен жоғары оқу орны арасында ынтымақтастық орнатып, тәжірибе алмасу.

670b2113 7934 49ae a890 d6170b206b28

Орал қаласынан келген қонақтар алдымен «АМӨЗ» ЖШС Бас директоры Ғалымжан Жусанбаевтың қабылдауында болды. Басқосуда мұнай-газ саласындағы кадр тапшылығы мен сапалы маман даярлау мәселелері талқыланды. Зауыт басшысы еліміздің үштен бірін сапалы мұнай өнімдерімен қамтитын кәсіпорынға, инновациялық технологияларды жетік меңгерген мамандардың қажеттігін әрі бірлесіп жұмыс істеуге дайын екенін атап өтті. Қазір АМӨЗ-да өндіріске жас мамандарды тарту үшін 3 бағдарлама жүзеге асып жатыр. Оған отандық және ТМД мемлекеттерінің алдыңғы қатарлы оқу орындары атсалысуда.

Кейін ғылым өкілдерінен құралған делегация зауыттың жұмысымен, шығарылатын мұнай өнімдерінің түрлерімен танысып, өндірістік процестерді жақсартуға бағытталған жобалардың нәтижелері туралы ақпарат алды.

d0965afa 2d40 4e21 b2fd 53bf517cd81b

80 жылдық тарихы бар кәсіпорын ұжымымен кездесу барысында АМӨЗ бен ҚИжТЖУ арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Құжатқа сәйкес оқу орнында «автоматтандыру және басқару», сондай-ақ, «электрэнергетикасы» мамандықтары бойынша білім алатын атыраулық студенттер алдағы 5 жылда АМӨЗ-де өндірістік практикадан өтеді.

ҚИжТЖУ Ректоры Әліби Баяхов екіжақты ынтымақтастықтың тиімді болатынына сенім білдіріп, зауыттықтарға университет қабырғасында білімін шыңдауды ұсынды.

Бүгінде Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде 800-ге жуық атыраулық студент білімін шыңдауда.

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button