Әскери бөлімдегі бір күн (ФОТО)

военрук 1 Жаңалықтар

«Батыс» өңірлік қолбасшылығы «әскери бөлімдегі бір күн» шарасы аясында алғашқы әскери дайындық пәнінің 150 оқытушысы үшін оқу-әдістемелік жаттығулар ұйымдастырды.

военрук (1)

Мұндағы мақсат – мұғалімдердің саптық, физикалық дайындықтарын пысықтау, теориялық және тәжірибелік біліктіліктерін арттыру, оларды жалпы жауынгерлік жарғылардағы негізгі өзгерістер жөнінде ақпараттандыру. Сондай-ақ, оқытушылар  бұл күні еліміздің қарулы күштерінің әскери қару-жарағымен, техникасымен танысты.

военрук (4)

Аталған қолбасшылықтың баспасөз өкілі Рүстем Игісіновтің айтуынша, мұғалімдердің арасында бұрынғы кеңес одағы кезінде де, осыдан бір жыл бұрын да әскери борышын өтегендер, тіпті, нәзік жандар да болды. Олардың сауалдарына №41433 әскери бөлімінің тәжірибелі мамандары жауап берді.

военрук (6)

– Бүгінде аталған пән мұғалімдері мектептегі әскери-патриоттық клуб жетекшісі болып табылады. Қорғаныс істері жөніндегі департамент мәліметіне сүйенсек, облыс аумағында қазір осындай 53 клуб жұмыс істейді. Мұнда болашақ Отан қорғаушылар дайындалады. Демек, әр оқушы әскер туралы ақпаратты ең алдымен өз мұғалімінен алады деген сөз. Бұл өте маңызды. Сондықтан мұндай шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, – дейді «Батыс» өңірлік қолбасшылығының әскери қолбасшы орынбасары, штаб басшысы, полковник Нұрлан Алдияров.

военрук (7)

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз