Атырауда жол белгілері қайта жаңартылуда

fc1d2c2a87c41a780316032aa81dc399 crop l 8 t 0 w 1282 h 721 Жаңалықтар

Atr.kz/13 қыркүйек, 2019 жыл. Атырауда 2019 жылдың аяғына дейін 8426 жол белгісі  қайта жаңартылады, деп хабарлайды Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.

Қазірдің өзінде  жұмыс  жоспарының жартысынан астамы орындалып, бөлінген қаржыға 5000-нан астам жол белгілері жаңартылды. Сонымен қатар,  биыл қала орталығындағы мектептер алдына жаяу жүргінші белгілері қойылып,арнайы жолақтар сызылды.

–           Бұл өз кезегінде,  жол қауіпсіздігін қаматамасыз етіп қана қоймай, ата-аналардың уайымсыз болуына жасалып жатқан жағдай. Осыған дейінАтырау қаласындағы 40-тан астам мектептің алдына «жаяу жүргіншілер жолы» салынды. Осы бағыттағы жұмыстар енді қала маңындағы ауылдық округтердің  мектептерінде де жалғасын табады.  Біздің мақсат –оқушылардың  жол-көлік оқиғаларына ұшырауының алдын-алу, – дейді қалалық ТКШ және АЖ бөлімінің өкілі Нұрлыбек Бітімбасов.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз