Спорттың жаңа түрінен жарыс өтті

panoramic Жаңалықтар

Атырау қалалық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен алғаш рет киберспорт турнирі өтті.

panoramic

Бұрын-соңды болмаған мұндай жарыс «Сенің бастамаң» атты жобаның аясында іске асырылуа. Мақсат – жергілікті жерде киберспорт секілді тың саланы дамыту. Сонымен бірге, жастардың ІТ-технологияға деген қызығушылығын арттыру да маңызды.

Қатысуға ниет білдірушілер «Mansion» компьютерлік клубына жиналды. Көп бөлігі – жастар. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл бастама тұрақты түрде өз жалғасын тауып, аудандарда да жүзеге аспақ.

Жалпы, бұл ойынның дүние жүзі бойынша спорттың бір түрі ретінде енгізілгеніне де көп уақыт өте қоймаған. Десе де, көпшіліктің зор қызығушылығын тудырып отыр. Мамандар бұл ойын адамның интеллектуалдық ойлау қабілетін дамытып, қым-қуат шақта тез әрі дұрыс шешім қабылдауға көмектесетінін айтады.

Амандық АБДОЛ

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз