Атырауда үй сатамын деген алаяқ тұрғынның 500 мың теңгесін қалтасына басқан

201009145540323a3704324i Жаңалықтар

Атыраулық ерлі-зайыптылар баспана сатып алу мақсатында сайттағы жарнама арқылы хабарласып алаяққа алданған.

Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, интернетке қолжетімді баға ұсынып, үйімді шұғыл сатамын деп жалған хабарлама жариялаған алаяқ ерлі-зайыптыларға үйді өзгелерге сатып жібермеуі үшін кепілдікке 500 мың теңге сұраған. Ақшаны аударған жәбірленушілер жоқ үйге ақша аударып, сан соғып қалғанын түсінген соң полицейлерге хабарлаған. Осылай интернет-алаяқтық әрекетіне барған күдіктіні атыраулық полицейлер Ақтау қаласынан анықтап, ұстады.

«Алаяқ ақша аударымдары арқылы түрлі банк есепшоттарын пайдаланып ізін суытпақ болған. Анықтау барысында күдіктінің өзге де интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысы бар екендігі белгілі болды. Қазіргі таңда ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабына сәйкес тергеу амалдары жүргізілуде. Өз кезегінде қалтасы қағылып қаражатынан айырылған жәбірленуші ақшасын кері қайтарып алуға ықпал еткен полицейлерге алғыс айтып, өзге тұрғындарға алаяқтардан сақ болу керектігін айтты», – деп хабарлады Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз