Жүз жылдық жалғыздық

image l Қоғам

«Жүз жылдық жалғыздық» – колумбиялық жазушы  Габриэль Гарсиа Маркестің 1967 жылы жазған елеулі  романы. Шығармада Макондо қаласында орналасқан Хосе Аркадио Буэндиа атты ақсақал негізін салған Буэндиа әулетінің бірнеше ұрпағының тарихы жайлы баяндалады.

            «Жүз жылдық жалғыздықтағы» магиялық реализм мен тақырыптық болмыс оны 1960-шы және 1970-ші жылдардағы латынамерикалық әдеби серпілістің маңызды өкіл романы ретінде қалыптастырды, ал сол серпілістің өзі стилистика жөнінен модернизмнен (еуропалық және солтүстікамерикалық) және кубалық Вангуардия (Авангард) әдеби қозғалыстарынан әсерленген болатын.

Алғаш 1967 жылы жарияланғаннан бері «Жүз жылдық жалғыздық» 37 тілге аударылып, оның 30 миллионнан астам данасы сатылған. Роман Гарсиа Маркестің шедеврі болып есептеліп, кеңінен мойындалған және испан тіліндегі әдебиеттің ең маңызды шығармаларының бірі болып танылған.

Қысқаша осылай. Романның жүз жылдық жалғыздық деп аталу себебін былай тәржімалап қарайын. Әрине толыққанды оқып шыққандағы әсеріммен, түсінгеніммен бөліскелі отырмын. Мазмұнын айтып берудің  қажеті жоқ деп ойлаймын. Романды парақтаған жандар болса онсызда түсінікті, ал оқымағандар болса оқуға кеңес беремін.

     -Жә оқырман ретінде өз пікірмді, өзімше топшылағанымды жеткізейін. Жүз жылдық жалғыздық. Жалпы бұл Маконда атты шағын селеннің яки ауылдың қоғамнан жалғыз қап оқшаулануы. Онда өмір сүріп жатырған Буэндиа әулетінің әрбір мүшесінің өздерін ішкі жан дүниесінен жалғыз сезінетіні туралы ақыр аяғында Маконда қаласының қирап бітуі және Буэндиа әулетінің басы ағашқа байлаулы күйде өмір сүрумен, соңғы торай құйымшақ ұрпағы құмырсқаға жем болатыны туралы баяндалады. Әрине мұның әрқайсысына жеке-жеке тоқталуға тырысып жалғыздық туралы ойымды негізге ала отырып баяндамақпын. 

Ал ендеше құрметті оқырман соңына дейін көз майыңызды тауысып оқыңыз. Ал сон-соң бұл мақалама қол майыңызды сүртсеңізде рұқсат.

Макондо, шағын қалашық. Басқа мемлекеттерден жалпы айналадан қоғамнан тысқары қалып қойған елді мекен. Бұл қалашыққа сыған ұлты өкілдері келіп, жыл сайын жаңалық ашып кетеді. Мысалы қарапайым дүрбімен алысты жақындатып көру арқылы «ғылым алысты жақындатады» дегендей асылдық сөздерімен бәрінен бейхабар надан халықты алдайды, солай пайда табады. Айта берсең көп. Көз әйнек арқылы қурап жатырған қамысты күн көзімен жағу арқылы пайда табу. Әрине қазіргі жиырма бірінші ғасырда бес жасар баланы бұлай алдай алмауыңыз мүмкін. Оған алданатын бала қайда?

Келесі ретте Хосе Аркадио Буэндиа атты бейбақ. Сығандардың әкелген дүниелеріне мастанып, өздігінше ғылымға талпынып, сол дүниеден одан әрі жаңалық ашып халқына пайдасын тигізгісі келетін Буэндиа әулетінің үлкені. Ол аядай шеберханасында айлап, жылдап отырып Мелкиадес атты данагөй, білімді, сығанның еңбектері арқылы ғылымға ұзақ талпынды. Онысынан түкте шықпаған Хосе Аркадио ақыр аяғында есінен алжасып бір ағаштың діңгегінде  өле-өлгенше байлаулы ғұмыр кешеді. Жаңбырдың астында да, дауылдың өтінде де. Оның ішкі жан дүниесінің жалғыздығы өзін елірткен нәрсеге жете алмауынан болды. Әйтпесе біршама баласы, әйелі бар адам қалай жалғыз болады деген ойға келуіңіз әбден мүмкін. Ал жалғыздықты тек сыртқы түстерге қарап қана емес, ішіне үңіліп сезінгеніңіз абзалырақ. Себебі қарбыз сырты жасыл деп ішінің жасыл емес екенін ойламасаңызда білесіз ғой.

       Келесі, Урсула. Яғни Хосе Аркадио Буэндианың жұбайы. Бұл кейіпкеріміздің жалғыздығы ақымақ күйеуінің сол күйеуіне тартып тумағыр ақымақ және қашанда мінезі тұйық, қатты ұлдарының бақытын көре алмай өмірден өткен әйелдің жалғыздығы. Туған ұлдары болсын немере шөпшегі болсын бұл әулетте ер баланың есімін екі-ақ есіммен атайды. Бірі Хосе Аркадио болса, бірі Аурелиано.

Хосе Аркадио есімі берілгендер тұйық, ашушаң болып келсе, Аурелиано есіміндегілер білімге құштар боп өседі. Өсе келе тағдырлары өз жолдарын айқындап береді.

Міне шығарманың негізі осы. Кейін роман осы ұрпақтары, ұлдары, немере, шөберелерінің өмірімен жалғасады. 

Урсула мен Хосе Аркадио Буэндиа екеуі шаңырақтарын құрғаннан кейін ұзақ жылдар бойы бала сүюді қаламайды. Себебі Урсуланың бар қорқынышы өмірге торай құйымшақ баланы әкеліп алмау еді. Торайқұйымшақ дегеніміз кемтар бала. Яғни екі туыстық қатынастағы бірдей қанның араласуынан өмірге сал болып келетін ұрпақ. Бұған қазақтың «жеті атадан қыз алма» деген тәмсілін айта кетуге болады. Бірақ Урсула мұны ертеде өзінің үлкен әжесі айтып кеткен қарғысы деп ойлайды мыс. Амалы не керек жылдар өтіп өмірге ұл бала келеді. Он екі мүшесі сау кәнігі адам. Есімін Хосе Аркадио деп қояды. Негізі осы есімдер оқып отырған романыңыздан шатастыратын жолдар секілді көрінуі мүмкін. Дейтұрғанмен қалыптан таймай оқи түссеңіз түсіне кететініңіз анық.

Мұндағы әрбір кейіпкердің өзіне алдырмас жалғыздығы берілген. Сол жалғыздық мәңгі жалғыздық боп қалмақ. Себебі романның атыда «Жүз жылдық жалғыздық»

Ең соңғы кейіпкерлеріміз Амаранта-Урсула мен Аурелиано болмақ. Яғни соңғы ұрпақтары әулеттің. Амаранта-Урсула, Аурелианоның әпкесі. Өзінің заңды күйеуі бар жас келіншек. Ал Аурелиано (жоғарыда айтылғандай Аурелиано аталғандардың бәрі білімге құштар) үлкен атасы сырын аша алмай одан бергі аға, аталары аша алмаған Мелкиадестің еңбегіне, кітаптарына шұқшиып қана өмірін өткізіп жүрген сүрбойдақ десемде артық айтқандық емес. Сырын ашуға жақындаған сайын үңіле түскені рас. Бірақ бұл еңбегіне уақытша кедергі келтірген әпкесі еді.

Әпкесі Амаранта-Урсула заңды күйеуі сапарға кеткенде, өзінің бауырымен ашына болып содан жүкті болады мыс. Кейін босанар уақыт келіп өмірге торай құйымшақты бала әкеледі. Ал бұлар кезінде ұлы әжесі айтып кеткен жеті ағайындыға дейін қосылушы болмаңдар деген зарынан мақұрым еді. Себебі бұлар шөбересі, көрмеді, естімеді. Бұл екеуі балаға Аурелиано есімін беріп кейін құйымшағын сүт тістері түсіп бастаған уақытта кесіп тастауға болады деген акушер әйелдің сөзіне насаттанып қалған еді.

Босанғаннан кейін ұзақ уақыт өтпей әпкесі деймізбе жоқ әлде әйелі деймізбе ашынасы десекте болатын шығар әйтеуір Амаранта-Урсула көз жұмады. Аурелиано болса қайғырып қай бір маңда тағдыр айдап баланы тастаған күйде үйден безіп кетеді. Ертесіне есін жинап келген ол, мүрденің үйде иістеніп жатқанын және баланың жоқтығын көріп айнала азарда безер боп күй кешіп отырады. Шамалыдан соң арам шөптердің арасынан, атам заманнан бері тұрған осы әулеттің шаңырағын тас қабырғасына дейін түк қалдырмай жеген құмырсқалардың, өлген баланың денесін сүйрелеп бара жатқанын көзі шалып қалады да, ертеректе көзіне елес боп көрініп жүрген Мелкиадестің мына бір сөзі есіне түскенін қайтерсіз «Әулеттің басы ағашта байлаулы күн кешер, соңы құмырсқаға жем болар» деген. Осы бір сөзден кейін оның еңбектерінің, жазбаларының сыры ашылғандай болып санскритте жазылған кітапты мүдірмей қайта парақтағанда Мелкиадестің Буэндиалар әулеті туралы бастан аяқ жорамалын қағаз беттеріне түсіріп кеткені тайға таңба басқандай көрінеді. Аурелиано бүкіл деректерді, өзінің әулетінің  бастан кешкендерін оқып шығады. Тіпті өзінің қашан қалай өлетіні туралы жазылсада оқымай өтіп басқада деректерді шолып шығады. Кезінде аталары білімсіздігінен аша алмаған сырды бұл ашқан күйінде тұрып роман осылай аяқталады.

Әрине қымбатты оқырман оқығанға қызықты кітап бірақ оданда қызықты дерегім Макондо атты қалашықтың шын өмірде болғанын археологтар дәлелдеп шықты. Бұл роман жөнінде ақын Әмірхан Балқыбек ағамыздың мұндай сөзі бартын

«Жүз жылдық жалғыздық» қазақ даласында жазылуы керек еді  деген. Сайып келгенде рас айтылғандай, бір кездегі мал баққан қазақтың, талай білімділерінен айырылған қазақтың, аштықтан қырылған қазақтың, қазақты қазаққа айдап қойып сыртынан мәз болып отырғандардың, осы күнге дейін сақтап келген дәйім сақтала бермек жеті атадан қыз алмау дәстүрін бәрін бәрін осы роман арқылы сипаттап тұрғандай. Бұл менің әрине жеке ойым. Бірақ жазушы Гарсиа Маркес өзінің осы романы арқылы кішкентай Макондоның оқиғасын ғана емес қай-қай адамның жалғыздығы туралы, ондағы қоғамның өзгелерден тысқары жалғыз қалып қойса не болатыны туралы сипаттап жеткізген. Осындай әйгілі романы үшін ұлы жазушыға басымды иіуге әзірмін. Ал бұл романды орыс тілінен қазақшаға тәржімалаған Кеңес Юсупов ағамызға бек алғысымды айтпақпын. Сөз соңын Маркестің мына бір сөзімен аяқтағым кеп тұр:

Нұржол Жақсылық,
Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университеті Журналистика кафедрасының 4 курс студенті

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз