БІЗ ДЕНІ САУ АДАМДАРДЫҢ МЫҚТЫ ҰЛТЫНА АЙНАЛУЫМЫЗ КЕРЕК! (+ВИДЕО)

Otandyi n m tpey t r Жаңалықтар

Atr.kz/5-наурыз, 2019 жыл. Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы: Біз дені сау адамдардың мықты ұлтына айналуымыз керек!

ЭЫДҰ елдерінде қаржыландырудың шамамен 70% -ы бастапқы буынға және 30%-ы стационарға тиесілі. Қазақстанда бүгінгі таңда бастапқы буын шығыстары 24% -дан 43% -ға дейін өсті.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде отандық медицинаның салауатты өмір салтының алдын алуға және ынталандыруға бағытталуы қажеттігін атап өтті.

https://youtu.be/8AL9Ah67zpM
k2

Оның айтуынша, қоғамдық денсаулық сақтау қызметі мен медициналық-санитариялық алғашқы көмек шығындары денсаулық сақтауды қаржыландырудың жалпы көлемінің 40%-дан 60% -ға дейін артуы тиіс, бұл – әлемнің барлық дамыған елдерінің тәжірибесі.

Мемлекет басшысы денсаулық сақтау саласын дамытуға қосымша 120 миллиард теңге бөлуді тапсырды.

Съезде еліміздің дәрігерлері атынан сөз алған Атырау облысының Кардиологиялық орталығы бөлімшесінің меңгерушісі, өңірдің бас кардиологы Жанар Оралбекова қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығының өткен жылдардың көрсеткішінен артып келе жатқаны туралы айтып берді.

Ол медициналық-санитариялық алғашқы көмекті қаржыландыруды арттырудың маңыздылығын атап өтті.

«Сондықтан, жетекші саяси партияның бағдарламасында таяудағы онжылдықтың 10 мақсатының бірі, бұл: «Дені сау адамдардың мықты ұлты болу», – деп атап өтті Жанар Оралбекова.

Атырау облысының бас кардиологы өткен жылы ғана спорттық іс-шараларда (марафон, велошеру, жүзу) 2 млн. астам адамды қамтыған қоғамдық денсаулық ұлттық орталығының жұмысын мысал ретінде келтірді.
Қазақстандықтардың өз денсаулығына деген көзқарасы жақсы жағына қарай өзгеріп, дұрыс әдеттерге ие болу, дене белсенділігі байқалатынын атап кету керек.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз