Жарнама
Жаңалықтар

ШҰҒЫЛ: Сағызда атыс болған ба?

Кеше, 27 мамыр күні кешкі уақытта Сағыз ауылынан үш азамат әртүрлі дене жарақаттарымен Мақат аудандық ауруханасына жеткізілді, — деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Науқастардың қазіргі жағдайы қалай екенін біз облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен сұрастырған едік. Оның ішінде бір науқас жедел түрде санавиация қызметі арқылы облыстық ауруханаға әкелінді. Медицина қызметкерлерінің жедел әрекетінің нәтижесінде тиісті алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Жарақат алғандарға шокқа қарсы және қан тоқтатушы терапиялар, ауырсынуды басу шаралары жүргізілді. Сонымен қатар оттегімен емдеу және инфузиялық терапия тағайындалды.

Қазір азаматтар облыстық аурухана дәрігерлердің бақылауында Қажетті ем-шаралар жүргізілуде. Оқиғаның мән-жайы бойынша құқық қорғау органдары тиісті тергеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Мәселенің мән-жайын біз облыстық полиция департаментінен сұрап көрдік.

«Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу барысында оқиғаның барлық мән-жайы анықталатын болады. Қазіргі уақытта қақтығысқа қатысқандарды анықтау және ұстау бойынша кешенді шаралар қабылданып жатыр. Тергеу департамент басшылығының бақылауында» дейді департаменттің баспасөз қызметінің мамандары.

Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Фото: ru.freepik.com

Related Articles

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Back to top button