Атырау мектептерінде STEM зертханалар ашылатын болады

whatsapp image 2019 12 05 at 16.01.10 1 Жаңалықтар

Atr.kz/5 желтоқсан, 2019 жыл.  Бүгін, 5 желтоқсанда Атырауда өткен жастар істері жөніндегі Кеңес отырысында Жастар жылы аясында аймақта атқарылған іс-шаралар баяндалды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. 

Кеңес отырысына Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Серік Шапкенов, жас депутаттар, кеңес мүшелері, жоғарғы және арнаулы оқу орындарының басшылары, жастар істері жөніндегі комитет жетекшілері мен жастар ресурстық орталықтары басшылары қатысты.
– Жастар жылына орай жасалған көмектердің бірі – тегін білім беру гранттарының көп бөлінуі. Биыл елімізде мектеп бітірген әрбір екінші түлек жоғары оқу орнына грантпен оқуға түсті. Бұл орайда, 232 атыраулық түлек облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың білім беру грантына ие болды. Жастарды баспанамен қамту жұмыстары да өз кезегімен жүріп жатыр. Барлық атқарылып жатырған жұмыстар әрі қарай да жалғасын табатын болады, – деді, Серік Шапкенов.
Атырау облысы бойынша бүгінгі таңда 14 пен 29 жас аралығында жастар санатына кіретін 145 мыңнан астам тұрғын бар. Ағымдағы жылы өңір жастарының мәселелеріне байланысты барлық мәліметтер терең зерделеніп, облыс жастарының дамуына және дамытуға жағдай жасау мақсатында Атырау облысы жастарын қолдаудың 2019-2021 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.  41 индикатор мен 67 іс-шараны қамтитын Жол картасы әр санатттағы жастардың көкейкесті мәселелерін шешуге бағытталған.  Отырыс барысында Атырау облыстық Жастар саясат мәселелері басқармасы басшысы Роллан Құспан аталған бағдарлама аясында жүзеге асырылған жобалар мен басқа да атқарылған жұмыстарға тоқталды. 

whatsapp image 2019 12 05 at 16.00.46


– Бүгінгі таңда, облыс мектептерінде STEM форматындағы (ғылыми, техникалық, инженерлік, математикалық зертхана) 20 зертхана кабинетін ашу үшін облыстық бюджеттен қаражат бөлініп, олардың материалдық-техникалық базасын жабдықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оған қоса, облыс мектептері жанынан 57 робототехника кабинеті ашылды. Біріккен Ұлттар Ұйымының «Generation Unlimited» атты жаҺандық бастамасы аясында жастардың оқуы мен жұмысқа тұруы үшін қажетті өмірлік маңызды дағдылар мен машықтарды меңгеруіне бағытталған «Самғау» жобасы жүзеге асырылды. Биыл облыстың 6 ауданында «Жастар ресурстық орталығы» арнайы ғимаратпен қамтамасыз етілді, – деді Роллан Құспан.

Баға берсеңіз
Атырау газеті
Пікір қалдырыңыз